Академик Антони Миллер: Қазақстан пайда тауып, Моңғолия ұтылып отыр

Академик Антони Миллер: Қазақстан пайда тауып, Моңғолия ұтылып отыр

Академик Антони Миллер: Қазақстан пайда тауып, Моңғолия ұтылып отыр
ашық дереккөзі
Англия экононмика ғылымының докторы, профессор, академик Антони Миллер. Мамандандырылған колледжінің тұрақты зерттеуші мүшесі. Әлемнің 16 елінде экономика, саясат бойынша кеңесшілік қызмет атқарған тәжірибелі халықаралық сарапшы маман. Сарапшы ғалыммен моңғолиялық журналист Ц.Энхбаттың сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.  – Моңғолияда қалай қыстап жатырсыз? – Рақмет, жаман емес. – Алғаш кездескенде сіз Моңғолияның даму жолына, әсіресе экономикасына біршама сыни көзбен қарайтыныңызды білдірген едіңіз. Соны аңғарғандықтан да Моңғолияның экономикасын шетел адамының, көлденең көздің таразысы арқылы бағамдау үшін өзіңізді шақырып отырған жағдайымыз бар. – Жалпы, мемлекет тұрақты және табысты болуы тиіс. Мемлекеттің бақуаттылық жағдайын дұрыс жолға қойылған салық саясаты қамтамасыз етеді. Моңғолия мемлекетінің қазіргі экономикалық ахуалын бағалап, пікір білдіруден бұрын бір нәрсені айқындап алайық. Моңғолия мемлекеті өзгеге кеңшілік танытумен келеді. Осының салдарынан Моңғолия Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры қатарлы халықаралық қаржы ұйымдарына тікелей тәуелді бола түсуде. Бұл тәуелділікті тек құрдымға кетумен ғана сипаттауға болады. Моңғолия – тәуелді мемлекет жағдайына ұшырады. – Ең үлкен қауіп-қасіретті тап басып көре білген екенсіз. – Өкініштісі, бұл – Моңғолия экономикасының қазіргі шынайы бет-бейнесі. – Сіз зерттеуші ғалым ретінде Моңғолияның экономикасын Қазақстан мемлекетімен салыстыра отырып, талдау жасап жүргендігіңізден хабардармыз. Осы зерттеуіңіздің нәтижесі біз үшін қызықты. – Мен 2017 жылдан бері Моңғолияда жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Алғаш Моңғолияға аяқ басқан кезімде бұл елдің жерасты байлығы, ол байлықты игеру барысы гүлдену сатысында екендігі туралы әркім-ақ мақтанышпен айтып жүретін еді. Әрине оның ар жағында үлкен пайда, тау-төбе қаржылай табыс туралы әңгімелер жататын. Алайда бір жағдай менің таңданысымды тудырған еді. Бұл – молынан игеріп, сатып жатқан байлықтың мөлшері мен елдің даму деңгейі мүлде сәйкеспейтіндігі болатын. Бұл сәйкессіздік мені еріксіз осы елдің жерасты байлығы, оны өндіру мен сыртқа шығарып сату көлемін есептеуге жетеледі. Бұдан шыққан сан-цифрлар да өзара мүлде сәйкеспейтін. Сондықтан да мұны назар сала, тереңірек зерттеу қажет екен деген тоқтамға келген едім. Алғашқы салыстырмалы зерттеуді Астана қаласының статистикасы мен Моңғолия Ұлттық статистика агенттігі шығарған ресми қуаттандырылған дереккөздер, сан-фактілерге сүйене отырып, жеті ай бойы жасадым. Мәліметтер өзара үйлесімсіз, сәйкеспейтін себепті зерттеуді бұрынғыдан да тереңдете түсу керек деген ойға бекінген едім. Бұдан соң Қазақстан мен Моңғолияның тау-кен байлықтарынан түскен салық мөлшерін салыстырып, зерттеу аясын кеңейте түстім. Себебі, Қазақстан мен Монғолия мемлекеттері географиялық және геологиялық тұрғыдан алғанда өте ұқсас. Ресей мемлекеті үшін Моңғолия емес, керісінше Қазақстан басым сенімділікке ие. Трансұлттық корпорациялар Моңғолияда да, Қазақстанда да шикізат байлық көздерін өндіріп, шетелдік нарыққа шығарып жатыр. Моңғолия сыртқы саудасының 80 пайызын тау-кен өнімдері иеленуде. Мен осындағы алтын, күміс, мыс, платина, темір рудасы, цинк, молибден, көмір қатарлы 12 түрлі тау-кен өніміне тоқталып зерттеу жүргіздім. Сыртқы сауданың 80 пайызын иеленуші бұл тау-кен өнімдері өз кезегінде Моңғолия бюджетінің тек 20 пайызын ғана толықтырып отыр екен. Бұл – ешқандай ақылға сыймайтын, тым аз мөлшер. Басқаша айтқанда, «Рио-Тинто» компаниясы мен «Туркойлз» компаниялары Қазақстанда да кен өндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар Қазақстанның заңы бойынша 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр. Негізінде Қазақстан мен Моңғолияның жағдайы дәлме-дәл ұқсас. Моңғолияда «Оюутолгойды» игеріп пайдасын көріп отырған «Рио Тинто» мен «Туркойлз» компаниялары дәл осы бағыт бойынша Қазақстанда өндіру жұмыстарын жүргізу барысында артық-ауыс әңгімесіз-ақ 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр. Олар Қазақстанды қорқытып, бопсалап отырған жоқ, жалынып-жалпайып жұмыс жасауда. Қарапайым ғана бір мысал келтірейікші: «Рио-Тинто» сізбен кездесіп, өтініш жасайды: «Сіздің қыстауыңыздың астында алтын, күміс, мыс бар. Осыны қазайық, Кен өндірейік. Барлық шығынды біз өзіміз шығарамыз. Инвестицияны өз мойнымызға аламыз. Адам күшін де жалдайық. Сөйтіп өндірген кенді әлемдік нарыққа шығарайық. Осыдан түскен табыстың 60 пайызын біз алып, қалған 40 пайызын ақы иесі Сіз алу жағдайын рұқсаттаңызшы», – деп «Рио Тинто» сізге жалынып отыр деп елестетіңіз. Қазақстанның жер астынан өндірген байлықты әлемдік нарыққа шығарушы кім болса да 40 пайыз, ең аз дегенде 35 пайыз салық төлейтін заң бар. Оны «Рио Тинто», «Туркойлз» компаниялары сөзсіз мойындап отыр. Мінеки, айырмасы осында, Қазақстан тиісті пайдасын көріп, Моңғолия көре алмай отыр. – Олай болса Моңғолия тау-кен өнімі салығын Қазақстанмен бірдей қылса, біз не ұтар едік? – Осы стандартпен Моңғолия жүре берсе қалай болады деген есепті 2018 жылы жасап көргенмін. Барлығы 27 өнімнің ішінде алтын, күміс, мыс, цинк, платина, молибден, көмір, темір рудасы, мұнай т.б. 12 өнімге ғана Қазақстанның салық стандартын қойып есептеп көрдім. Сөйткенде Моңғолияның бюджетіне жылына 1,4 млрд. АҚШ доллары қосымша үстелетін есептеу шықты. Тек бір жылда ғана ғой. – Демек, сіздің жасаған осы есептеу зерттеуіңіз бойынша Моңғолия салықтан 5 триллион төгрөгтен қағылып отыр. Моңғолия билігі «Оюутолгойдағы» байлығын пайдалануға беріп, салығын жеңілдетіп, қосымша құн табысын да ала алмай отырғаны ғой, сонда. Осылайша шетелдік экономика «жендеттерімен» ымыраласты десек болады ғой?. – Бюджетке жоғарыдағы мөлшердегі ақшаны енгізе алған жағдайда Моңғолия үлкен экономикалық жаңғыру жасай алады. Мемлекеттің дамуы тек алға басып емес, гүлденіп дамитын болады. – Сіздің көзіңізбен қарағанда Моңғолия қалай дамып келе жатыр? – Дамып жатыр деп айту қиын болар. Амалдап, жан бағып отыр деп айтсақ көбірек сәйкесетін шығар. Менің ұнатпайтын бір сөзім бар. Ол – кеңшілік жасау. Монғолия тым көп кеңшілік жасауда. Негізі Моңғолия жер иесі ретінде «Рио Тинто» компаниясымен тең дәреже қарым-қатынас жасауы керек қой. Олармен жасасқан келісімдерді жақсарта түсуі тиіс. Ортақ келісім – өзара пайдалы түрде болуы тиіс. Салық түсімін ала алмауда. Бірлескен іс-әрекеттер, өзара пайда деген сөздермен қатар, монғолдар үстеме қайтарым дегенді қазбалайтын уақыт жетті. – Салықтан жалтарушылық мәселесін қалай шешкен жөн деп білесіз? – Тек Моңғолияда ғана емес, туған жерінің қойнауын игеруге ұсынғаны, астындағы байлықты қазып алғаны үшін салық ала алмай отырған мемлекеттер көп. Бұл мемелкеттер кедейленіп, қарызға батқан үстіне бата түсуде. Әлемге әйгілі трансұлттық тау-кен өндіріс компаниялары жылына 800 млрд. АҚШ долларына тең мөлшердегі салықтан жалтарады деген зерттеу қорытындысы бар. Салығын толықтай ала алмай отырған мемлекеттің бірі – Моңғолия. Олай болса алдыңғы билік иелерінің шетелдіктермен шексіз ымыраласқан келісімдерін жаңарту, әділетсіз заңдарды жаңадан бекіту, қайтадан қарау құқығы монғолдардың өз қолында тұрған жоқ па? Осы әдіс-тәсілдермен ғана қателікті қалпына келтіруге болады. Салық дегеніміз – Моңғолияның мемлекеттік аппаратын қозғалысқа енгізуші басты қаржыландыру көзі емес пе. – Моңғолиямен дәл бірдей деңгейде болған Қазақстан даму жолына түсті. Қазақстан дамуының мәнін атап өтсеңіз? – Иә, Қазақстанның сыртқы қарызы бар. Бірақ өте жақсы дамып жатыр. Үкіметін күш-жігерлі жас адамдармен жасақтап алды. Салықтың өте тиімді құрылымына ие. Бақылау жақсы. Кеңшіліктер жасай беруге емес, нақты жағдайға сүйене алады. – Сіз Моңғолияның Қаржы министріне, билеуші партияның басшысына қандай кеңес берген болар едіңіз? – Ең алдымен «Оюутолгой» келісімінің бағалауын жасап, өзара пайдалы болуы туралы бапты келісімге жаңадан енгізу керек. Салықты ең кем дегенде 35 пайыз болғызыңыз. Қазақстанда «Рио Тинто», «Туркойлз» компаниялары дәл осындай салық төлеп отыр. Олар бұл салық мөлшеріне дауласпауға тиіс деген болар едім. – Сіз Моңғолия билігі басындағылардың жіберген қателіктерін түзетуге тиіс деп көресіз ғой. Бұдан өзге шетелдік экономикалық ұйымдарына тәуелді болмау керектігі туралы әлденеше рет айтып өттіңіз. – Батыс әлемінің Жер шарындағы кедей елдерді өз ықпалына енгізіп қанау тәсілдері бар. Соның бірі – қарызға кіргізіп, несиеге батырып, тәуелді қылу. Осы жағдай Моңғолияда өріс алып келе жатыр. Моңғолдар бұл мәселенің сайлау кезінде ғана басын шығарып айтқанымен, сайлаудың ертеңінде ұмытып кетеді. Моңғолия мемлекеті ірі көлемдегі қарызын төлеуі тиіс. Моңғолия несиеден несиеге дейінгі уақытпен ғана өмір сүріп жатыр. Билігі де, халқы да дәл солай. – Тәуелсіз зерттеуші ретінде бұл мәселе ұлғая келе қандай салдары болуы мүмкін деп болжамдайсыз? – Өте қауіпті. Бұл жағдай ары қарай жалғаса берсе Моңғолияның тәуелсіздігіне қатер төнетін болады. Азия даму банкі, Халықаралық валюта қорының қарызынан құтыла алмаса, Моңғолия солардың толық бақылауында өмір сүретін болады. Халықаралық валюта қоры Монголбанкті бақылауына алған. Тұрақты мерзімде келіп, есеп қорытындыларын тексеріп тұру құқығын қолдарына алған. Адам ретінде мысалға алатын болсақ, Моңғолия мемлекеті күші басым адамға әлі жетпей, ығысып, шетқақпайланып бара жатыр деп елестетуге болады. Құлап кетсе, қайта тұра алмайды. ХВҚ Моңғолияның экономикасын тәп-тәуір ықпалына алған. Сөйтіп Моңғолия дербес, тәуелсіздік мәртебесіннен айырылуға жақын деуге болады. Қөптеген зерттеулер жасадыңыз. Сіздің баяндамаларыңызбен Моңғолияның ықпал-билігі бар шешім шығарушылары қаншалықты танысып қаперге алып отыр? – Менің баяндамаларым – ашық, қолжетімді. Баяндамаларымды Моңғолия мемлекеттік университетінің вебсайтына орналастырғанмын. Осы жоғары оқу орнының кітапханасына барып танысуға да болады. Университеттің бизнестік даму мектебі журналында да жарияланған. – Сіз бен біздің сұхбатымыз да аяқталып келеді. Сізге Моңғолия президенті Х.Баттулгамен кездесу мүмкіндігі туса оған қандай кеңес берген болар едіңіз? – Менің естуімше, президент Х.Баттулга халық-көпшіліктің арасында бет-беделі жоғары саясаткерлердің бірі. Ол мемлекеттің басшысы ретінде елін осы бір қиын-қыстау жағдайда тастап кетуіне болмайды. Шыңғыс ханның алдынан: «Менің ақшам, табысым қайда деп сұрайтын құқықа ие жалғыс адам. Ол қазіргі уақыттағы жағдайды қандай құнмен болса да жақсартуға міндет жүктеп сайланған саясаткер. Кездесу сәті түссе, айтар кеңестерім бар ғой. – Моңғолияның экономистері сөз сөйлегенімен, шындықты айналып өтіп жатады. Шындықты айналып өтпей, нақты жағдайға баға беріп, сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет. – Оқасы жоқ. Мені тыңдап, зерттеу нәтижелерімнің шет-жағасын монғолдардың назарына ұсынуға мүмкіндік тудырған Control.mn сайт, «Комментатор» бағдарламасы «Ғасыр ақпараты» газеті ұжымына алғыс білдіремін. Дереккөз: Моңғолияның «Ғасыр ақпараты» газетінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №22 (6499) саны және Control.mn. Моңғол тілінен аударған Асылбек Байтанұлы