Несие тарихы нашар азаматтарға зейнетақы жинағы берілмей ме?

Несие тарихы нашар азаматтарға зейнетақы жинағы берілмей ме?

Несие тарихы нашар азаматтарға зейнетақы жинағы берілмей ме?
ашық дереккөзі
Түрлі себептермен бір кездері несиесін төлей алмаған азаматтарға зейнетақы жинағы берілмеуі мүмкін бе? Бұл сұраққа «Отбасы банк» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді. «Нашар несие тарихы бір реттік зейнетақы төлемін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл жағдайлар бір-біріне мүлде байланысты емес. Екінші кезеңде, яғни қаражат сіздің арнайы шотыңызға түскеннен кейін егер мақсаттардың бірі – жаңа ипотекалық несие алу болса, онда сіз екінші деңгейлі банктерге ең қолайлы жағдайларды іздеуге барасыз. Дәл сол кезде көбі (банктердің) сіздің бұған дейін қарыздарыңызды қалай төлегеніңізді талдауы мүмкін», – деп түсіндірді ол. Ләззат Ибрагимова бұл мәселеде өзі жетекшілік етіп отырған банктың саясаты қандай екеннін де айтып өтті. «Егер өтінім берер алдында бір күн бұрын ғана басқа банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен несиені жапсаңыз, екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңызға қарамаймыз. Біздің нарықтық бағдарламаларға сәйкес, қарызды төлегеннен кейін, біз жаңа проблемалық қарыздар туралы басқа оқиғалар болмас үшін үш ай күтеміз. Бұл жағдайда, сіз басқа банктегі қарызыңызды төлегеннен кейін 90 күн өткен соң, сіздің несие тарихыңызда мәселе туындамайды», – деп қосты Ләззат Ибрагимова.