Жаңалықтар

Сенатта атом энергиясына қатысты заң жобасы қаралды

ашық дереккөзі

Сенатта атом энергиясына қатысты заң жобасы қаралды

Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Заң жобасы ядролық технологияларды өндіріс кезінде қолдануға, сақтауға, пайдалану мен тасымалдауға қатысты қауіпті азайтуға арналған.