Сенатта атом энергиясына қатысты заң жобасы қаралды

Сенатта атом энергиясына қатысты заң жобасы қаралды

Сенатта атом энергиясына қатысты заң жобасы қаралды
ашық дереккөзі
Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Заң жобасы ядролық технологияларды өндіріс кезінде қолдануға, сақтауға, пайдалану мен тасымалдауға қатысты қауіпті азайтуға арналған.  width= Заңға енгізілетін жаңашылдықтардың бірі осы саладағы лицензиялаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сол арқылы атом энергиясын қолдану саласындағы нақты қызмет түрлерін анықтау және лицензия берілмейтін қызмет түрлерін де лицензиялау көзделіп отыр. «Атом энергиясын қолдану саласындағы қызметтерді реттеудің нақты тетіктерін анықтау және еліміздегі атом саласын реттеудің объектілері мен субъектілеріне қойылатын талаптарды нақтылау ядролық және радиациялық қауіпсіздікті күшейтеді. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаны қорғауға және азаматтардың денсаулығын сақтауға оң әсер етеді. Сондай-ақ, Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді іске асыруды қамтамасыз етеді», – деді сенатор Еділ Мамытбеков. Комитет төрағасы Дәурен Әділбековтің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер тек МАГАТЭ-ның қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптарын орындауға ғана бағытталып отырған жоқ. Бұл жаңа нормалар кәсіпкерлер үшін жүктемені және әкімшілік кедергілерді азайтады. Одан бөлек, осы саладағы мемлекеттік қызметтерді «бір өтініш» қағидасы бойынша көрсетуге мүмкіндік береді.  width=