Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғанын мойындады

Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғанын мойындады

Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғанын мойындады
ашық дереккөзі
Ерке Есмахан «Ninety One» тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін мойындады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды. «Ерке Есмахан болу оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда», – деп қысқа да нұсқа жауап берді шоу-бизнес өкілі. Өнер иесінің бұл жазбасы бірден желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды. Айта кетейік, Ерке Есмахан жас рэпер АZ-ден 9 жасқа үлкен. Бұған дейін БАҚ бетінде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев көңіл қосты деген ақпарат тарады. Желі қолданушылары екі әншінің бірге жүрген сәттерінің суреттерін жариялап жатты. Алайда Зенкаев та, Ерке де бұл ара-қатынасты мойындамай да, теріске шығармай да келген. [caption id="attachment_138063" align="alignnone" width="637"] width= Ерке Есмахан мен AZ-дің шетелдегі демалысынан түсірілген осы сурет желіде тараған болатын[/caption]