Көлік шығындары: Бюджет қаржысын оңды-солды шашқан министрліктер анықталды

Көлік шығындары: Бюджет қаржысын оңды-солды шашқан министрліктер анықталды

Көлік шығындары: Бюджет қаржысын оңды-солды шашқан министрліктер анықталды
ашық дереккөзі
Министрліктердің 2020 жылға арналған көлік шығындарының рейтингі жарияланды, деп хабарлайды PROTENGE телеграм-арнасы. Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, мемлекет қазынасына мұқият қарауы тиіс ведомстволар өзгелерден көбірек қаржы жұмсаған. Ал әлеуметтік салаға, білім беруге және денсаулық сақтауға жауапты министрліктердің шығыны салыстырмалы түрде аз: 81,3 млн теңге - ҚР Қаржы министрлігі; 72,7 млн теңге - ҚР Ұлттық экономика министрлігі; 63,8 млн теңге - ҚР Энергетика министрлігі; 62,7 млн теңге - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі; 56 млн теңге - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; 52,5 млн теңге - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; 52 млн теңге - ҚР Білім және ғылым министрлігі; 49,4 млн теңге-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; 47,5 млн теңге-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; 43,7 млн теңге - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі; 39,7 млн теңге - ҚР Cауда және интеграция министрлігі; 37,1 млн теңге - ҚР Цифрлық даму министрлігі; 34,1 млн теңге - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Рейтинг 2020 жылға ЖПБ және МТҚБ Автошаруашылықтарына көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу туралы электрондық актілер негізінде жасалған. Рейтингке Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері кірмеді, өйткені бұл министрліктер осы автошаруашылықтармен тікелей жұмыс істемейді. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің шығындары есепке алынбаған, себебі бұл министрлік 2020 жылдың соңында құрылды.