Жаңалықтар

"Жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады": Диетолог ірімшіктің қай түрінен бас тарту керегін айтты

ашық дереккөзі

"Жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады": Диетолог ірімшіктің қай түрінен бас тарту керегін айтты

Ірімшіктің пайдасымен қатар денсаулыққа зияны да бар. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің медицина факультетінің доценті, диетолог Андрей Бобровский Sputnik радиосына айтты. Дәрігер ірімшіктің көптеген пайдалы элементтері бар екенін және лактозаға төзбеушілік жағдайында сүтті алмастыра алатындығын атап өтті. Оның сөзінше, ірімшіктің калориясы сүтке қарағанда 3-5 есе, ал құрамындағы ақуыз 5-6 есе көп. Дей тұрғанмен, оның құрамында он есе көп қаныққан май болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, ол  "өркениет ауруларына", соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеліп соғуы ықтимал. Маман бұл өнімді шектеулі мөлшерде қолдануға және тез сіңірілетін төмен калориялы және қатты сұрыптарын таңдауға кеңес береді. Ол сондай-ақ, ірімшікті мөлшерден тыс қолдану тәуелділік тудыруы мүмкін екенін ескертті.