SpaceX жыл соңына дейін ғарыштық туристерді орбитаға жібермек

SpaceX жыл соңына дейін ғарыштық туристерді орбитаға жібермек

SpaceX жыл соңына дейін ғарыштық туристерді орбитаға жібермек
ашық дереккөзі
SpaceX компаниясы Inspiration4 коммерциялық миссиясы аясында жыл соңына дейін ғарыштық туристерді орбитаға жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ұйым сайтындағы хабарламада айтылған. Миссияға Shift4 Payments негізін қалаушы Джаред Исаакман демеушілік жасамақ. Ол Dragon ғарыш кемесіндегі өзге үш ғарышкердің орнын төлейді. Ұшу алдында экипаж қажетті оқытудан өтеді, оның ішінде микрогравитация және салмақсыздық жағдайларында дайындалады. Миссияны Флоридадағы Кейп Канаверал ғарыш айлағынан бастау жоспарлануда. Ұшу Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен жүзеге асырылады. Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ. Іріктеуге қатысуға өтініш жолдау үшін миссияның арнайы сайтында қатерлі ісікпен ауыратын балаларға көмектесу үшін ең төменгі он долларлық жарнаны төлеу қажет.  Ғарыштық туристердің есімдері бір ай ішінде белгілі болады.