Иран ең қуатты зымыранын сынақтан өткізді

Иран «Зульджанах» (Zol-Jannah) жаңа зымыран тасығышын сынақтан өткізді. Бұл туралы жергілікті IribNews ақпарат агенттігі хабарлады.

Зымыран аралас отынмен  — қатты және сұйық компоненттердің қоспасымен жұмыс істейді. Ислам Республикасы Қорғаныс министрлігінің айтуынша, бұл Иранның ең қуатты зымыраны. Ол салмағы 220 келі болатын спутникті жерге жақын орбитаға (500 шақырым биіктікке) шығаруға қабілетті.

2020 жылдың сәуірінде Иран алғаш рет әскери спутникті ұшырды. Содан кейін «Кассид» зымыраны (Qassed) Noor-1 ғарыш аппаратын 425 шақырым биіктіктегі орбитаға шығарды. Сынақтың басқа мәліметтері хабарланбаған.

Back to top button