Зейнетақы жинағын алу: Қанша адамның өтініші мақұлданғаны белгілі болды

Зейнетақы жинағын алу: Қанша адамның өтініші мақұлданғаны белгілі болды

Зейнетақы жинағын алу: Қанша адамның өтініші мақұлданғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтардың арнайы шотына 49 миллиардтан астам теңге аударды, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі. 2021 жылдың 1 ақпанында БЖЗҚ "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ уәкілетті операторынан қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. "Жинақ БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға аударылады", - делінген хабарламада. "Отбасы банкі" АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 миллиард теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома "Отбасы банкі" АҚ-ға салымшылардың арнайы шотына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды. Азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинағын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселесін уәкілетті оператор "бір терезе" қағидаты бойынша қарайды. Еске сала кетейік, қазақстандықтарға баспана алуға, емделуге немесе инвестиция салуға жұмсау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға рұқсат етілді. Бұл мүмкіндікті 700 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады.