Қазақстандық режиссердің сценариі халықаралық байқауда топ жарды

Қазақстандық режиссердің сценариі халықаралық байқауда топ жарды

Қазақстандық режиссердің сценариі халықаралық байқауда топ жарды
ашық дереккөзі
Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова When East Meets West бірлесіп кино өндіру форумының жеңімпазы атанды. Байқауда отандасымыз «Победителей видно на старте» жобасын таныстырды. Жаннат Алшанова толық метражды фильмінің сценарийі үшін Сербия кино орталығының атынан 5 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Қаңтардың аяғында өткен фестивалға 56 елден 387 өтініш түскен, деп хабарлайды «Хабар 24». "Бұл туынды жүзу мектебіне түскен жас келіншектің өміріндегі өзгерістер туралы баяндайды. Мен осы сценарий бойынша фильмді Қазақстан аумағында түсіремін. Халықаралық байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді бұл сценарий бойынша фильм түсіру үшін қомақты қаражат керек", - дейді Жаннат Алшанова.