Алматы: қаңтар айында 200-ден астам мекеме карантин тәртібін бұзғаны анықталды

Алматы: қаңтар айында 200-ден астам мекеме карантин тәртібін бұзғаны анықталды

Алматы: қаңтар айында 200-ден астам мекеме карантин тәртібін бұзғаны анықталды
ашық дереккөзі
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мониторинг жасайтын арнайы топтың жұмысы күшейтілді. Қаңтар айында 394 мониторинг жасау барысында 3 061 нысан қамтылып, олардың ішінде 224 объекті карантин тәртібін бұзғаны анықталған.
ҚР ӘқбК-нің 425-бабына сәйкес, шаралар сақтамағаны үшін 171 хаттама толтырылған. Оның ішінде заңды тұлғаларға 14 643 340 теңгеге 44 хаттама және жеке тұлғаларға маска тағу тәртібін бұзғаны үшін 5 600 640 теңге айыппул және 127 хаттама толтырылған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (МАӘС) заңды тұлғаларға қатысты 462 баптың 1 тармағына және «тексеруге кедергі келтіргені» және 462 баптың 3 тармағына сәйкес «кемшілікті жою туралы нұсқаулықты орындамағаны» туралы 20 материал берілді. Олар мыналар:
-    Алатау ауданы бойынша 3 материал («Жақсылық» кафесі, «Шашлык орталығы» кафесі, «Шамо» ЖШС бильярд клубы);
-    Алмалы ауданы бойынша 4 материал («Финик» мейрамханасы, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» кафесі, «Пират» кафесі);
-    Әуезов ауданы бойынша 1 материал («Рыба моей мечты» караоке-бары);
-    Бостандық ауданы бойынша 1 материал («Sunset» мейрамханасы «Мастер Фуд Казахстан» ЖШС);
-    Жетісу ауданы бойынша 1 материал (Ниязов Ж.А. компьютерлік клуб - 5 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 3 айға тоқтатылды);
-    Медеу ауданы бойынша 5 материал («Виктория» бинго-клубы, «Orda game center» ЖШС компьютерлік клубы, «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары);
-    Наурызбай ауданы бойынша 2 материал («Премьера» кафесі - 100 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 1 айға тоқтатылды), «Таужолы» кафесі - 100 АЕК айыппұл салынып, жұмысы 1 айға тоқтатылды);
-    Түрксіб ауданы бойынша 3 материал («Қазақстан таэквон-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «БекАр» ойын клубы, «Erbil» мейрамханалық-қонақ үй кешені).
Сот арқылы жабылған карантиндік тәртіпті жиі бұзатындар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, жұмыстарын жалғастыруға тырысуда. Атап айтқанда, бейіндердің, ЖК-дің, ЖШС мейрамханалары мен түнгі клубтардың атауларын өзгертуде. Мұндай өрескел тәсілдерге «НЕБО», «БЛА-БЛА»мейрамханалары баруда. Олар мекемелерін басқа адамдардың аттарына аударып, қайта тіркелгеннен кейін жұмыстарын жалғастыруда. Соның салдарынан карантин тәртібін бұзған нысандарға су мен электр қуатын беруді тоқтату бойынша шаралар қабылданатын болады.
25 қаңтардан 30 қаңтар аралығындағы соңғы аптада 89 мониторинг жүргізіліп, 756 нысан қамтылды. 71 (9,4%) нысанның карантин тәртібін бұзғаны анықталған.