Кек алғысы келген: 12 жастағы оқушы сыныптасын өртеп жібермек болды

Кек алғысы келген: 12 жастағы оқушы сыныптасын өртеп жібермек болды

Кек алғысы келген: 12 жастағы оқушы сыныптасын өртеп жібермек болды
ашық дереккөзі
Ресейдің Самара қаласында 12 жастағы оқушы сыныптасының үстіне сутегінің асқын тотығын құйып, өртеп жібермек болды. Бұл туралы "Cова" басылымына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Басылымның мәліметінше, бала ағылшын тілінен үй тапсырмасын орындамаған және оны тақтаға шақырған. Ол диалогты жатқа оқуы тиіс болған. Оқушы сыныптасының оқулығындағы мәтінді сығалап оқығысы келген, алайда сыныптасы кітабының бетін жауып қойыпты. Жасөспірім сыныптас қыздан кек алмақ болады: ол сабақтан кейін көшеде оны күтіп тұрып, күртешесінің артына сутегінің асқын тотығын шашып, сіріңкемен өртеген. Қыздың достары мен өтіп бара жатқан адамдар өртті дерек сөндірген. Оқушының анасы баланың денсаулығы қалыпты екенін айтты, бірақ ол жалғыз қалудан қорқып қалған.