«Ақ желкен» журналына жаңа бас редактор тағайындалды

«Ақ желкен» журналына жаңа бас редактор тағайындалды

«Ақ желкен» журналына жаңа бас редактор тағайындалды
ашық дереккөзі
Белгілі жазушы, журналист Есей Жеңісұлы «Ақ желкен» журналының бас редакторы болып тағайындалды. Есей Жеңісұлы 1978 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында туған. 1994 жылы – Кіші Жалаңаш ауылындағы Ақай Нүсіпбеков атындағы орта мектепті, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. 1998-2004 жылдар аралығында – республикалық «Жас Алаш» газетінде тілші; 2004-2008 жылдары – «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары; 2008 жылы – «Қазақстан» ұлттық арнасы спорт хабарлары бөлімінің жетекшісі; 2008-2012 жылдары – республикалық «Ұлан» газетінің бас редакторы; 2012 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары, 2013 жылы – «QazSport» телеарнасының директоры; 2013 жылы – «Дала мен қала» газетінің аға тілшісі; 2014-2017 жылдары «Айқын» газетінің шығарушы редакторы болып істеді. 2017 -2020 жылдары  Ұлттық аударма бюросында редактор болды. Өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда 1988 жылдан жариялана бастады. 2009 жылы – «Бір жарық» (жыр жинағы), 2012 жылы – «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар» (публицистика), 2015 жылы – «Мынау ғазиз дүние» (балаларға арналған әңгімелер), 2017 жылы «Шуақ» (өлеңдер мен әңгімелер) атты кітаптары жарық көрді. 2007 жылдан – Қазақстан Журналистер одағының, 2014 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының, «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінің жүлдегері. Отбасылы, төрт баласы бар.