Емтиханнан сүрінген студент факультет деканын пышақпен жарақаттады

Емтиханнан сүрінген студент факультет деканын пышақпен жарақаттады

Емтиханнан сүрінген студент факультет деканын пышақпен жарақаттады
ашық дереккөзі
Тәжікстанның Технология университетінде студенттердің бірі факультет деканын пышақпен жарақаттады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. 
Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 қаңтарда болған. Қарны жараланған декан Музаффар Имомназаров ауруханаға түсті. Бұның алдында Технология университетіндегі дереккөз емтиханнан құлаған студенттің әкесін декан факультетке шақырғанын, сол кезде студент оны қорқытқанын хабарлаған. Деканға екі ота жасалған. Олар тоғыз сағатқа созылған. Факультеттегілердің айтуынша, факультет басшысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пышақпен шабуылдаған студенттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауда отыр. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Тәжікстан ІІМ.