«Ана тілі» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

Белгілі журналист-жазушы Қали Сәрсенбай респбликалық «Ана тілі» газетіне бас редактор болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған болатын.

Қали Қошқарұлы СӘРСЕНБАЙ 1959 жылғы 22 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын «Лениншiл жас» газетiнде (қазiргi «Жас Алаш») корректор болып бастап, осы басылымда 1987 жылға дейiн тiлшi, аға тiлшi болып iстедi. 1987-1988 жылға дейiн «Өркен – Горизонт» газетiнде жауапты хатшы, 1988 жылдан «Жетiсу» газетiнде жауапты хатшының орынбасары болды. 1990-1995 жылдар аралығында «Егемен Қазақстанда» тiлшi, аға тiлшi, бөлiм бастығы қызметiн атқарды. 1995-1997 жылдары «Парасат» журналы бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылға дейiн «Жас Алаш» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары болып еңбек еттi.

2005 жылғы 23 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін «Алматы ақшамы» газетiнiң бас редакторы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, «Құрмет» (2006ж., 8 желтоқсан), «Парасат» (2018ж., желтоқсан) ордендерiнiң иегерi, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі,  «Нұр Отан» партиясы XV және  XVI съездерінің делегаты, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIІ съезінің қатысушысы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Өнер-өмiр», «Сендердi сағынғанда», «Тұлға-тағдыр», «Шал мен шындық», «Абыз-аңыз»,  «Шер-шындық» атты кiтаптардың авторы.

Back to top button