Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды
ашық дереккөзі
Эстония атынан Еуропарламент депутаты Яак Мадисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости Эстонияның Консервативті халықтық партиясы өкілінің айтуынша, Трамп – соңғы 30 жылда АҚШ-ты басқарған президенттердің ішінде соғыс бастамаған алғашқы мемлекет басшысы. "Сонымен қатар, оның басшылығымен Таяу Шығыста аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар бейбіт келісімдерге қол қойылды. Нобель сыйлығы кімге бұйыратынын көрейік", – деп жазды Мадисон Facebook-тегі парақшасында. Ол Трампты Нобель сыйлығына ұсынған жалғыз адам емес екенін атап өтті. "Бірақ бәріміз білетіндей, ұсынушылар неғұрлым көп болса, жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", – деді Мадисон. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Ослода 1901 жылдан бастап жыл сайын тағайындалып келеді. Нобель қорының жарғысына сәйкес кандидаттарды әртүрлі елдердің ұлттық парламенттері мен үкіметтерінің мүшелері, халықаралық соттардың мүшелері, университет ректорлары, Норвегиялық Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.