Жүргізуші куәлігін қалтаға салып жүру міндетті емес: Президент заңға қол қойды

Жүргізуші куәлігін қалтаға салып жүру міндетті емес: Президент заңға қол қойды

Жүргізуші куәлігін қалтаға салып жүру міндетті емес: Президент заңға қол қойды
ашық дереккөзі
ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жаңа бастамалары аясында жақын арада бірқатар басқа да заң жобалары әзірленетінін айтты.  «Ұлттық кеңестің жүзеге асырылған бастамалары портфелінде тағы бір заң бар. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа нормаларға сәйкес, қазақстандық жүргізушілер енді өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті», - деп жазды Е. Қарин Telegram каналында. Оның айтуынша, 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық кеңестің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет осы бастаманы жариялаған болатын. Осы арқылы бүгінгі заң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында қабылданған 12-ші құжат. «Қазіргі кезде тағы 7 заң жобасы қарастырудың түрлі сатысында тұр. Осыған дейін жарияланған жаңа бастамалар аясында жақын арада бірқатар басқа да заң жобалары әзірленеді», - деді Ерлан Қарин.