17 жастағы бозбала коронавирус жұқтыруының арқасында өлімнен аман қалды

17 жастағы бозбала коронавирус жұқтыруының арқасында өлімнен аман қалды

17 жастағы бозбала коронавирус жұқтыруының арқасында өлімнен аман қалды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Норуич қаласында тұратын бозбала  коронавирус инфекциясын жұқтыруының арқасында аман қалды. Бұл туралы News Channel 21 телеарнасы хабарлады.  17 жастағы Майклдың анасы Николь Уилсон коронавирус індеті ұлының өмірін сақтап қалды деп санайды. Қазан айында Майклдың коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Жас жігіт аурудан тез айыққан, алайда карантин аяқталған күні оның денсаулығы күрт нашарлапты. "Ол кеудедегі ауырсынуға шағымдана бастады", — деп түсіндірді Уилсон. Анасы ұлын дереу ауруханаға апарған. Бастапқыда дәрігерлер ауырсынуды қыжылдың салдары деп күдіктенді, бірақ жақында жасөспірім коронавирусқа шалдыққандықтан, олар  тексеру жүргізуді құп көрген. Тексеру нәтижесі анасы мен ұлын қуанта қоймады. Майклдың жүрегінде жарылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сегіз сантиметрлік аневризма бар екені анықталды. Оған шұғыл операция қажет болды. Операция сәтті өткенімен, жас жігіттің жағдайы әлі толық қалпына келмеген. "Миға баратын қан көлемі жеткіліксіз, сондықтан оның басы айналады және көзі нашар көреді",- дейді анасы.