Карантин: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Карантин: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Карантин: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
ашық дереккөзі
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. 
Құжатқа сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күндері тыйым салынады. Сондай-ақ, қаулыда былай делінген:
  • азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарларға жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде, ал азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, жексенбі күндерін қоспағанда, толымдығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр сақталған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде тағу режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып штаттық режимде жұмысына рұқсат етілсін;
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мекемелерде), оның ішінде СОО-да орналасқан объектілердің қызметі 07.00-ден 23.00-ге дейін және шоттар бойынша төлемді 22.00-ге дейін жабу (толтырылуы 50 пайызға дейін, 50-ден артық емес, әр үстелде төрт отыратын орын, әлеуметтік қашықтықты, маска тағу режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) және ұжымдық іс-шаралар өткізілмесін;
  • фудкорт үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тек СОО-дан және сауда үйлерінен тыс жерлерге шығуға және уақыт бойынша шектеусіз жеткізуге рұқсат етілсін. Тамақтану алаңы жабылады.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. Қаулы бүгін, 1 ақпанда күшіне енді. Жандарбек Бекшиннің бұрынғы қаулысы күшін жойды.