Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның құны қанша – ДСМ

Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның құны қанша – ДСМ

Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның құны қанша – ДСМ
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакциналардың бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Ресейден жеткізілген және Қарағандыдан шығарылатын вакциналардың құны қанша?» деген сұраққа вице-министр: «Іс жүзінде бағалары шамалас. Бірақ, вакцинаны Қарағандыда шығарсақ, әрине оның артықшылықтары бар. Біріншіден, өндіріске өзіміз тікелей қатысамыз, бүкіл өндіріс циклін қадағалай аламыз. Бұл бізге осы тәжірибені одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, логистикаға байланысты қандай да бір шығындар болуы мүмкін», – деп жауап берді. Ол коронавирусқа қарсы вакцинацияның халыққа тегін екенін еске салды және вакцинаның екі компонентті дозасының бағасын (өзіндік құнын) айтты. «Екі компонентті доза бүгінгі күні 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады. Бұл – ресейлік вакцина. Жалпы алғанда, вакцинаның бағасы қай жерде шығарылатынына қарамастан, Ресейде немесе Қазақстанда осындай болады», – дейді Е. Қиясов.