«Nur Otan» депутаттары мен Үкімет мүшелері азаматтарды қабылдайды

1 ақпан, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Nur Otan» депутаттары мен Үкімет мүшелері азаматтарды қабылдайды Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының депутаттары партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып, қабылдау онлайн өтеді. Азаматтарды қабылдауды 2 ақпанда депутат Қайнар Абасов бастаса, 4 ақпанда – Сырым Адамбаев, 9 ақпанда – Тілектес Адамбеков, 11 Ақпанда – Мәди Ахметов, 16 ақпанда – Самат Ақышев, 18 ақпанда – Әлия Әбсеметова, 23 ақпанда – Данияр Әлімбаев, 25 ақпанда Ғалым Әміреев өткізеді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ақпан айында бірқатар Үкімет мүшелері де азаматтарды қабылдайды: Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек: 1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); 2. Whatsapp 8700 800 4441 3. komek@nurotan.kz Былтыр «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне республика бойынша 393 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатады.