Қазақстанда Pfizer вакцинасы қашан қолжетімді болады?

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жауап берді.

«Pfizer вакцинасы қазақстандықтарға екінші жартыжылдықтан кейін қолжетімді болуы мүмкін. Pfizer компаниясымен алдын ала уағдаластықтар бар, меморандум бекітілген, егжей-тегжейлі сұрақтар келіссөздер деңгейінде. Бір айта кетерлігі, өздеріңіз жаңалықтардан байқағандай, Pfizer вакциналары жетпей жатыр, компанияның өзге елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмеген мәселе болып тұр. Ол вакцина -70 градуста сақталуы керек, барлық тетіктері әлі талқыланады», – деді Ерлан Қиясов.

Бас санитар дәрігер өз сөзінде уақыт жоғалтып алмауды айрықша атап өтті.

«Дәл қазір уақыттың бізді күтпейтінін түсіну керек, сондықтан қолда бар мүмкіндікті пайдалану керек. Барынша көп адамды қамту үшін бұл науқанды барынша ертерек бастаған жөн», – дейді Е. Қиясов.

Back to top button