Коронавирус: Қазақстан «сары» аймаққа ауысты

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймаққа ауысты

Коронавирус: Қазақстан «сары» аймаққа ауысты
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Қостанай облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Сонымен бірге, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан «сары» аймақта тұр. Еске салсақ, 31 қаңтардағы көрсеткіш бойынша ҚР қызыл аймақта тұрған болатын.