АҚШ-та вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды

АҚШ-та вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды

АҚШ-та вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы мүшесі, Массачусетс штатының демократы Стивен Линч Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырды. «РИА Новости» сайтының жазуынша, Линчте вирустың симптомсыз түрі анықталған, енді ол карантинге жабылып, жұмысын қашықтан істейді.
Стивен Линч жұма күні COVID-19 сынағын тапсырған, нәтижесі оң болды. Осыған дейін оның қарамағындағылардың бірі ауру жұқтырғаны атап өтілді. Конгрессмен өкілдерінің ақпарынша, оған коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасы 20 қаңтарға дейін салынған.