Елімізде бірде-бір тұрғыны коронавирус жұқтырмаған елдімекен анықталды

Елімізде бірде-бір тұрғыны коронавирус жұқтырмаған елдімекен анықталды

Елімізде бірде-бір тұрғыны коронавирус жұқтырмаған елдімекен анықталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданы Аспара ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Пандемия кезінде бұл округте бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген, – деп хабарлaды облыстық әкімдіктің ресми сайты. Аспара ауылдық округінің әкімі Гаухар Оспанбекованың есебінде пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмегені айтылды.  width= Бұл орайда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев кез келген азамат әлі де болса өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керегін еске салды. «Бүгін той мен басқа да мерекелердің уақыты емес. Вирусқа қарсы күрес әлі аяқталмағандықтан, аздап шыдау қажет», – деді өңір басшысы. Аспара ауылдық округінің құрамына кіретін үш елдімекен – Аспара, Қайыңдысай және Құмарықта 1,6 мың адам тұрады. Аудан бюджеті – 50 миллион теңге 99,9 пайызға игерілді. 37 шаруа қожалығында дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде үшін бөлінген 11,2 мың гектар егістік жер бар. Мал басы өсіп жатыр.