Елімізде бірде-бір тұрғыны коронавирус жұқтырмаған елдімекен анықталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданы Аспара ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Пандемия кезінде бұл округте бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген, – деп хабарлaды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Аспара ауылдық округінің әкімі Гаухар Оспанбекованың есебінде пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмегені айтылды.

1502cc4c e4a7 418c b263 0ed1315e9562

Бұл орайда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев кез келген азамат әлі де болса өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керегін еске салды.

«Бүгін той мен басқа да мерекелердің уақыты емес. Вирусқа қарсы күрес әлі аяқталмағандықтан, аздап шыдау қажет», – деді өңір басшысы.

Аспара ауылдық округінің құрамына кіретін үш елдімекен – Аспара, Қайыңдысай және Құмарықта 1,6 мың адам тұрады.

Аудан бюджеті – 50 миллион теңге 99,9 пайызға игерілді. 37 шаруа қожалығында дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде үшін бөлінген 11,2 мың гектар егістік жер бар. Мал басы өсіп жатыр.

 

 

Back to top button