Ақпарат министрі БАҚ туралы жаңа заң қашан қабылданатынын айтты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа заң қабылдануы жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады», деді министр.

Back to top button