Балқашта жоғалған қыз Алматыдан табылды

Балқашта жоғалған қыз Алматыдан табылды

Балқашта жоғалған қыз Алматыдан табылды
ашық дереккөзі
Балқаштың қаласындағы үйінен қашып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматы қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызының із-түссіз жоғалып кету фактісі бойынша жергілікті тұрғыннан арыз түсті. – Жасөспірімнің Алматы қаласында екендігі жедел анықталды. Іздестіру шаралары барысында біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері оның жүрген жері – Жароков көшесіндегі үйлердің бірін анықтады. Жасөспірім 2002 жылы туған досының пәтерінде болған. Қыздың анасына хабарлау үшін ақпарат бірден іздестіру жариялаған бөлімге жеткізілді, қыз бала заңды өкілі келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.