Аша Матай «ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» марапатталды

Тележүргізуші, актриса Аша Матай «ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» марапатталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өзімнің инстадостарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін «Матай Бөрібай батыр» қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі, менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым» деп жазды Аша Матай.

Айта кетейік, Қазақ шежіресі мен тарихында Матай Бөрібай батырдың есімі жоңғар отаршыларының зорлық-зомбылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы тұлға ретінде аталады. Бөрібай батыр Сарыұлы – шыққан тегі Найман, оның ішінде Матай руынан.
Батыр баба есімін жаңғырту мақсатында үш жыл бұрын Алматы облысында «Матай Бөрібай батыр» қоры құрылды.

Back to top button