Қандастардың азаматтық алуы неге қиындап тұр?

Қандастардың азаматтық алуы неге қиындап тұр?

Қандастардың азаматтық алуы неге қиындап тұр?
ашық дереккөзі
Жаһанға жайылған індеттің алапаты әлі қайтар емес. Бұл пандемияның салқыны қазақ көшіне де тиіп отыр. Елімізде карантин талабы күшейгелі, дәлірек 2020 жылы наурыз айынан бастап, көш бәсеңдеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің дерегіне сүйен­сек, 2020 жылдың қорытындысы бойын­ша 13 мың этникалық қазақ та­рихи Отанына оралып, қандас мәр­те­бе­сін алған. Олардың көбі, яғни 53,1 пайы­зы Қытай елінен кел­ген. Ал 31,3 пайы­зы – Өзбекстаннан, 8,7 пайы­зы – Түр­кі­менс­таннан, 3,7 пайызы – Моң­ғо­лиядан, 3,3 пайызы басқа елдерден келіпті. Кө­шіп келген ағайындар негізінен Алматы об­лысына 51,3 пайызы, Маңғыстау об­лы­сына 13,3 пайызы, Түркістан облы­сы­на 5,6 пайызы ал Нұр-Cұлтан қаласына 4,1 пайы­зы, Шымкент қаласына 3,9 пайы­зы қоныстанған екен. 2020 жылы 13 мың этникалық қазақ Қа­­зақстанға көшіп келген болса, 2019 жыл­­ғымен салыстырғанда бұл көрсет­кіш 4 мыңға аз. Яғни, 2019 жылы «қан­дас» мәр­тебесін 17,7 мың этникалық қа­з­ақ алған бола­тын. Бұл көрсеткіштерге қа­рап, шет­тен көшіп келушілердің саны жыл сайын азайып бара жатқанын ба­ғам­дау қиын емес секілді. Ал осы 2019-2020 жылдары ата­жұрт­қа көшіп келген ағайын­дар­дың ішінде әлі Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргендер жетерлік. Көші-қон қыз­меті, Халыққа қызмет көрсету ор­талығы секілді құзырлы орындардан көңі­лі қалған ағайын амалсыз қоғамдық ұйым­дарға не­месе БАҚ өкілдеріне жү­гінуде. Аз болса да, мәз болмады Қоғамда азаматтығы жоқ қан­дас­та­рымыз әлі де көп екені жиі ай­тылады. Нақты бір-екі мәселеге тоқ­талып өтсек. Мәселен, Жайырбек Көл­ді­бек 2020 жы­лы наурызда Қытай елінің Іле қазақ авто­номиялы облысы Тоғыз­тарау ауданы­нан Алматы облысы Шелек ауданына отбасымен көшіп келген. Сол келгеннен бастап Қазақстан азаматты­ғын алу үшін құжаттарын өткізген. Шелек аудандық Халыққа қыз­мет көрсету орталығының қыз­­мет­кері бұл кісілердің құжатын қа­был­дап ал­ған. Одан кейін жылға жуық уа­қыт өт­кен соң, азаматтықтың жай-жап­сарын білу­ге барса «әне шығады, мі­не шығады» деп мар­дымды жауап бермей кел­е жатқ­а­нын ай­тады. Ол-ол ма, ал 2020 жылы Мейірбан Көл­­дібек есімді қандасымыз Ал­маты қаласы Ақпараттық технология­лық университетінде оқуға түскен. Жо­ғарғы оқу орнында білім алып жатқан сту­дент ықтиярхатының мерзімі аяқ­талуға жақын екенін айтады. Екі апта ішін­де азаматтығы шықпаса, оқу орны оған айыппұл төлейті­нін айтып ескерту ж­асаған. Тіптен «Көші-қон полициясына ха­барлап, Қазақстаннан депортация­ла­тамыз» деген көрінеді. Сонымен қатар Қытай елінен кө­шіп келген Қалбият Тұрсынгүл қан­дасымыздың да азаматтығы жоқ. Осын­дай азаматтық ала алмай қиналып жүр­ген қан­дастар Дүниежүзі қазақтары қауымдас­ты­ғының республикалық өкілі Қарлығаш Қожамұратоваға жағдай­ларын айтып, өтініш білдірген. Үш азамат та жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған. ЖСН ал­ған­нан кейін, ықтиярхатқа тапсырған. Ал ық­тиярхаты шыққан соң, Қазақстан аза­мат­тығы ең кемі 6 ай ішінде шығуы ке­рек. Алайда олар әлі азаматтық ала ал­май жүр.  width= 97 жастағы ақсақал азаматтық ала алмай дал... 2019 жылы желтоқсан айында Өз­бек­станның Бостандық ауданынан осы­дан он жыл бұрын атажұртқа келіп қо­ныс­танған балаларының артынан Байәлі Стамқұлов ақсақал көшіп келіпті. Байәлі қария биыл – 97 жаста. Байәлі Стам­құлов ақсақал – Екін­ші дүниежүзі­лік соғысқа қатысқан соғыс ардагері. «Аң­саған атажұртқа келге­ніне екі жыл бол­са да, әлі күнге әкеміздің азамат­ты­ғын ала алмай жүрміз» дейді ұлы дәрігер Асқар Стамқұлов. Оның айтуынша, ақ­сақалдың азаматтық алуға тиісті бар­лық құжаттары бар. Жеке сәйкестендіру нө­мі­рін алған. Өзбекстаннан «шығу па­рағы» (бұл құжат Өзбекстаннан көшіп ке­летін этникалық қазақтардан талап еті­летін құжат), Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудан­­дық Халыққа қызмет көрсету орта­лығына барса, база қабыл­дамай жатыр деп шығарып салған.  width=
– Қазір көш бұрынғыдай емес, баю. Са­­пырылысып келіп жатқан ел, қалың ке­зекте тұрған адам жоқ. Мұндай жасы кел­ген кісіні бұлай сандалтып қоюға бол­май­ды ғой. Мұның ар жағында бір­деңе дәмету секілді нәрсе болуы мүмкін. Сон­дықтан шеттен келген қандастар да, ондайға жол бер­меуі керек, – дейді Қар­лығаш Бекпат­шақызы.
Ауғаннан келген ағайындар да құжатқа мұқтаж 2016 жылы Ауғанстанның Құндыз қа­ла­сынан Алматы облысы Қарасай ау­даны Қас­келең ауылына көшіп келген қандасы­мыз Имамали Қазақ 5 жылдан бері азамат­тық ала алмай жүр.
– Біз Ауғанстаннан екі отбасы көшіп кел­­дік. Екі отбасында барлығы 15 адам бар еді. Бізбен бірге келген отбасының әйелі бо­сана алмай өмірден өтті. Менің де жа­рым – Нәзбила Қазақ небары 35 жасында науқастан қайтыс болды. Қазір бес баламен үйде отырмын. Әрине, Алла­дан келген ажал дегенмен, «ең құрыса дә­рі­герге қарал­са қайтер еді?» деп ар­манда қалдық. «Аза­мат­тықтарың жоқ» деп дәрігерлер қара­мады, – дейді қан­дасымыз Имамали Қазақ.
Әрине, әр елдің заңы әртүрлі. Мы­салы, Қазақстан паспортында ұлты көрсетіледі. Ал Ауғанстан төлқұ­жа­тын­да тілі көрсетіледі екен. Имамали Қа­зақтың «тас­кирасында» тілі қазақ деп анық жа­зыл­ған. Алайда оның айтуынша, Көші-қон қыз­меті ол уәжіне де илан­б­а­ған. Ал бұған байланысты Қазақстан Іш­кі істер министрлігі Көші-қон қыз­меті ко­митеті төрағасының орын­ба­сары Са­быр­жан Сейтжанов БАҚ өкіл­дері­не бер­ген түсін­дірмесінде былай дей­ді: «Ау­ған­станда туу туралы куәлік бар. Оны «тас­­кира» дейді. Осы да жет­кі­лікті. Егер ол кі­сілер елшілік­тен таскира әкеліп ұсынса, [азаматтық] береді».
– Иран, Түркия, Ауғанстан және Араб елдерінен келетін қандастар аза­мат­тық алу кезінде ұлтының қазақ еке­нін растай алмай қиналады. Иран елінде ұлты қазақ деген анықтаманы мешіт имамы береді. Себебі Иран Ислам Респу­би­касы – діни мемлекет. Ал біздің құ­зырлы орын оны құжат ретінде қабыл­дамайды. Өйткені бізде мешіт ресми орын емес. Осы секілді мәселе көп. Оның бір ғана шешу жолы бар. Ол – қандастар ата­жұртқа көшер кезде сол жердегі Қа­зақстан консулынан ұлты қазақ екенін рас­тайтын анықтама алып келуі қажет. Қазақстан консудығы олардан жеті атасын сұрап, тіліне қарап, ұлты қазақ де­ген анықтама беруге болар еді. Онда мұн­дай келеңсіздік туындамас еді, – дейді «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның бас­пасөз хатшысы, журналист Еркін Бай­ғабылұлы.
Имамали Қазақтың азаматтығы жоқ еш жер жұмысқа алмайды. Жұмыс табылғанымен шиеттей бес бала­ға қарауы керек. Сондықтан олар қазір көрші-қолаң, туған-туыстың қайырым­дылық көмегімен күнін көріп отыр.