Теріскей қайтсе қазақыланады?

Теріскей қайтсе қазақыланады?

Теріскей қайтсе қазақыланады?
ашық дереккөзі
Қазақ қоғамында шешілмеген екі түйткілді мәселе бар десек, соның біріншісі – тіл мәселесі. Қазіргі кезде еліміздің әр аймағындағы қазақ тілінің ахуалы да әртүрлі екені де анық байқалады. Соның ішінде, солтүстік өңірлердегі жағдай әлі де реттелмей отыр. Тілдің ала-құлалығы дүниетанымға тікелей әсер ететінін ескерсек, бұл мәселенің жолға қойылуы болашақ үшін де маңызды. Теріскейдегі тілдің жағдайы туралы сол өңірдің азаматтары, қоғам белсенділері Ақылбек Шаяхмет пен Руза Бейсенбайтегі пікірлерін білдірген еді.  width= Ақылбек ШАЯХМЕТ, ақын, жазушы, драматург: Бір мекемеде 80 қызметкер отырады, оның 79-ы қазақ тілін білмейді – Қызылжар, Павлодар сияқты Ар­қадағы облыстардағы қазақ ті­лі­нің жағдайы ұқсас. Қостанай қа­ла­сында М.Горький атындағы мектеп-гим­назия бар. Оны бітірген бала­лар­дың 80-90 пайызы Ресейге не­ме­се басқа шетелге оқуға кетеді. Олар­дан Қазақстанға ешқандай пайда жоқ. Біразы барған елінде қалады, тек бірен-сараны қайтып келеді. Мұны бір деп қойыңыз. Латын әліпбиіне көшеміз деп жа­тырмыз, дайындықты бастап та кет­ті. Латын әліпбиіне біржола көш­сек бірсәрі. Орыстілді мектептер ки­рил­лицада қалады, қазақтілді мек­тептер көшеді деді. Біздің қоғам бұ­ған дейін орыстілді және қазақ­тіл­ді болып бөлініп келсе, енді ки­рил­лицамен және латын әліпбиімен жазатын қоғам болып бөлінеміз. Бұл – екі. Біздегі «Тіл туралы» заңның өзі солқылдақ. Осы заңның орысшасы «Закон о языках». Қазақшасын «Тіл туралы» заң дедік. Дұрысы – «Тілдер туралы» заң болып аударылуы ке­рек. Ал язык болса, ол бір-ақ тіл, тек қа­на қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл есе­бінде мемлекеттік тілмен қатар қойылған жерде  біз жаяу адам ат­ты­лымен жарысқандай, ергежейлі Қа­жымұқанмен алысқандай күйде боламыз. Қайсысы озатыны белгілі ғой.  Бұл – үшінші мәселе. Орыстар «тың көтереміз» деген сыл­таумен Қостанайдағы қазақ ті­ліндегі 500 мектептің бесеуін ғана қал­­дырды. Ал енді біз неге солай жа­сай алмаймыз? Біздің қолымызды кім байлайды? Тек қана орыстар оқи­тын мектеп болса қалсын, көп­ұлт­­ты мемлекет болғандықтан оған қар­сылық жоқ. Біз аралас мектеп­тер­ді неге осы уақытқа дейін сақтап отырмыз? Меніңше, қазір аралас мек­тептерді жауып тастаудың орайы келіп тұр. Мен бір қызық айтайын, қайма­ғы бұзылмаған Торғай өңірінде қа­лың қазақ отыратын Жангелдин де­ген аудан бар. Онда бірде-бір орыс жоқ, бір-екі орыс болса, олардың өзі қа­зақша сөйлейді. Сонда Иванов атын­дағы мектеп бар. Бұдан 15 жыл бұрын сол мектепте 400 оқушы, 40-50 мұғалім болатын. Бәрі қазақша сөй­лейді, орыс мектебі деген аты бол­маса, оқушылары орыс тілінде дик­тантты екіге жазады. Ал сол орыс мектебі қалың қазақтың ара­сын­да кімге керек? Өйткені сонда әкім-қаралардың біреуінің келіні, біреуінің әйелі мұғалім болып істейді. Олар қызметінен айырылып қалмауы үшін орыс мектебін сақтап отыр. Кеңес өкіметі кезінде орыс­тың мектебін сақтау түсінікті, ол кез­де орысша білмесең қызметке кі­ре алмайсың, үлкен оқуға түсе ал­майсың деді. Қазақ мектебін бі­тірген жігіттер қой бақты, қыздары сиыр сауды. Тек екі жылдан соң ғана ауыл шаруашылығы саласының бір мамандығына оқуға түсті. Ал орыс мектебін бітірген жастар инженер, эко­номист, заңгер сынды маман­дық­тарды игерді. Бізге қазір тіпті орыс тілінің қа­жеті шамалы, орысша білмесең де нан тауып жей аласың. Бізге ағыл­шын, араб тілдерін меңгеру керек. Менің «Сейчас переход на госу­дарственный язык заменили одной буквой. Переводом» деп орыстардың ара­сында айтатын сөзім бар. Пере­ход деген сөздің орнына в-ны қоя салса, «переводом» деп шығады. Бір ме­кемеде 80 қызметкер отырады, оның 79-ы қазақ тілін білмейді. 80-адам аударманы ғана біледі. Айта­лық, Торғайдан қазақ тілінде хат кел­се, олар қазақ тіліне жауап беруі керек. Оған әкімдіктің қызметкері, ау­дармашы сол қазақ тілінде жазған хатты бастығы түсінуі үшін орыс тіліне аударады. Сосын ол орыс ті­лінде жауап дайындайды. Ол жауап дайындалғаннан кейін арыз қай тілде түссе, сол тілде жауап жазады. Логикаға салсақ, біз аудармашының еңбегін 5 есе өсіруіміз керек қой. Сонда қалған 79 қызметкер не үшін отырады? Мемлекеттік тілді біл­мейтін адамды аттестациядан өт­кізіп, тиісті нәтиже көрсете алмаса, мемлекеттік қызметке алмау керек. Жалпы халыққа қызмет көрсететін мекемелерде міндетті түрде 2 тілді білетін адам отыруы керек деп есеп­теймін. Сосын шетелден көшіп ке­ліп жатқан қандастарымыз орыс ті­лін дұрыс меңгермесе де, оларды жұмысқа алу керек. Солтүстік об­лыс­­тарда орыс тілін білмейтін адам­­дар жұмысқа тұра алмайды. Ал бұл Ата Заң бойынша кемсіту, ұлтты қор­лау.  width= Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, қоғам белсендісі, тіл жанашыры: Мемлекеттік мекемелер біздің елде мемлекеттік тіл екеу деп түсінеді – Павлодар қаласында 7 қазақ мектебі, 12 орыс мектебі бар. Қалған 18-і аралас мектеп. Яғни орыс мек­тебі қазақ мектебінен бір жарым есе көп. Биыл барлық мектепте қазақша сыныптар ашылады деп айтты. Тек 1-сы­ныптар ғана ашылып жатыр. Бұл жерде бала саны 10-ға толса  ға­­на бір сыныптың ашылатыны та­ғы бар. Бізде орыстардың саны осыдан 5-6 жыл бұрын 36 пайыз болған, қа­зір әрине одан азайды. Сол кезде қа­зақтардың үлесі 51 пайыз бо­латын. Яғни қалай болғанда да, қа­зақ­тардың саны орыстардан көп. Сонда 36 пайыз орысқа бір жарым есе көп мектеп болып тұр. Баяғыда қы­зымды Павлодардың ана ба­сынан мына басына қазақ мектебіне қатынап оқыттым. Баласын қазақ­ша оқытқысы келген барлық ата-ана баласын солай тасыды. Өйткені 2000 жылдар шамасында қалада 2-3 қана қазақ мектебі болды. Қазақ ата-аналары сол кезде аузымызды аш­пайтынбыз, осыны мәселе етіп көтермейтінбіз. Бірақ баяғы жартас, сол жартас. Қазақ тіліндегі мек­теп­тер саны аз, ал орыс мектептері жы­пырлап толып тұр. Екібастұзда жал­ғыз қазақ қыздар гимназиясы бар еді, оны да жауып тынды. Ол тура­лы айтылды, шу болды, бірақ мен қайтадан ашылғанын естімедім, көрген жоқпын. Өңірдегі мемлекеттік мекеме­лер­де қазақ тілінде жауап беруге, сөйлеуге міндетті емеспін дейтін қыз­меткерлер көп. Былтыр Әділет де­партаментіндегі бір хатшы «По­чему вы у всех требуете казахский язык? Вы не знаете что, у нас в госу­дарственных органах все только на русском языке» деді. Қайда хабар­лассаңыз да орысша жауап бере­ді. Соңғы уақытта орысша қызмет көр­сететін мекемелер басшы­лары­ның қыр соңынан қалмай видеоға тү­сіріп, тіл жанашырлары жан-жақ­тан звондағаннан кейін биыл сәл қыбырлаған сияқты. Облыс әкімі Ә.Ысқақов қаң­тар­да қабылдауында болғанымда қазақ тілін қолға аламыз деген болатын. Бірақ өтірік алдады. Наурыз айында қабылдаймын деп қабылдамады. Жазда видеоүндеу жолдадым. Бірақ селт еткен ешкім жоқ. Әкімшілік жиналыстары мемлекеттік тілде өт­пейді, сосын мемлекеттік ісқа­ғаздары бізде тек қана аударманың кү­шімен отыр. Олардан статистика бойынша мәлімет сұрасаңыз, сізге «Іс қағаздарының 80-90 пайызы қа­зақ тілінде жүргізіледі» деп жауап бе­реді. Өткенде шенеуніктердің бірі ма­ған «Ісқағаздарын 100 пайыз қа­зақ тіліне өткіздік» деді. Менің «Қа­лай өттіңіздер?» деген сұрағыма: «Бұл енді екінші мәселе, басқа сұрақ. Бастысы өттік» деді. Бізде осындай мас­қара жағдай болып жатыр. Өтінішіме орыс тілінде жауап бе­ретін мемлекеттік мекемелерді сотқа беремін, сотқа берудің ал­дын­да жазған ескерту хат жазсам да жауап­ты орыс тілінде жазды. «Біздің мем­лекетте тек қана орыс тілі жү­ретін заң бар» дегенге саятын жауап келді. Мемлекеттік мекемелер біздің елде мемлекеттік тіл екеу деп ұғады. Конституция бойынша бізде орыс ті­лі­нің жалғыз жүруге құқы жоқ. Қа­зақстанда не қазақтілді құжат, не екі тілдегі құжат заңды. Бізде әкім Ә.Ысқақовтың қабылдауына жа­зылу үшін Нефедова деген қосу бө­лі­мінің бастығынан өтуің керек. Ол бір ауыз сөз қазақша білмейді. Егер ол әкімнің қабылдауына қазақша тү­сінбегендіктен сізді жазбай қойса, мәселеңіз шешілмейді деген сөз. Не­федова қазақша түсінбегендіктен сіз­ді қабылдамайды, яғни қазақ ті­лінің жолы жабық. Бірақ ол қазақ ті­лінде қабылдауға міндетті ғой. Павлодар қаласы әкімі ап­пара­ты­ның басшысы Қайыржан Оңға­ров бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрағаным үшін маған жүйке-пси­хиатриялық диспансерінен дәрі­гер­лер тобын шақыртқанын видеодан көрдіңіздер. Әкімшілікке кірсем мені итше талайтын. Қала әкімі Ер­жан Иманісләмге осыны айтсам, олай айтпаңыз, олар да адам дейді. «Не нужен нам ваш казахский» деген сөзі видеода жазылған. Сонда әкім мемлекеттік тілге қарсы адам­дар­ды қорғап отыр. Әкімшілікке кір­сең, «Женщина вы куда?» деп Ресей тілінде сұрайды. Мен орысша сөздерді тыңдамаймын, оларға қарамаймын, баратын кабинетіме тіке кете беремін. Сонда олар келіп мені жұлмалай бастайды, оған шы­дап тұра алмаған мен видеоға түсі­ре­мін. Ал солардың өзінен қазақша сұрасаң, саған жауап бермек түгілі көзінің қиығын да салмайды. Мен оларға қой сияқтымын, өйткені мен қазақша айтып тұрмын. Мен де дәл солай өздеріне істеймін. Қалалық әкімшілік қызметкері «Русский язык никто не отменял» де­ген болатын. Павлодарда Қ.Нүке­нов әкім болып тұрғанда мені тіл комиссиясының құрамына кіргізіп жіберген. Қазіргілер мені алып тас­тайын десе, алып тастай алмайды. Алып тастауға әрекеттенген де жоқ, өйткені олар менің тыныш қоймай­тынымды біледі. Сондай бір тілге қатысты комиссия отырысы кезінде менің қазақша қойған сұрағыма жауап бере алмаған қызметкерден «Мемлекеттік тілді білмей қалай жұ­мыс істейсіз?» деп сұрасам, әкім­дері ара түсіп «Сіз оларға тиіспеңіз. Оларға тиісуге құқығыңыз жоқ. Олар­дың орыс тілінде жұмыс жүр­гізуге толық құқығы бар» деді. Қа­ла­ның ә­кімшілігі қазақ тілін маңайы­на жолатқысы жоқ.

Дайындаған

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ