Жаңалықтар

Тіл тақырыбы 30 жыл мінберден түспеді

ашық дереккөзі

Тіл тақырыбы 30 жыл мінберден түспеді

Ел Тәуелсіздігінің басты нышанының бірі – оның мемлекеттік тілі.  Ана тілі жоқ мем­лекет ұлт болып ұйысып өмір сүре ал­­майды. Өйткені тіл тарихы ұлт тарихымен үндес. Әртүрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ хал­қының тарихы тілінің тарихымен тығыз бай­ланысты. Қол жеткізген тәуелсіздігіміздің ар­қа­сында қазақ тілінің болашағын қамтамасыз етіп, ана тіліміздің кең таралуына жағдай жасап, тіл білі­мі саласын жетілдіру Тәуелсіздік алған соң ат­қарылуы тиіс маңызды жұмыстар болатын. Осы орайда, Túrkistan халықаралық апталығы тәуелсіз ел атанғалы бергі 30 жыл ішінде қазақ тіл білімі, тіл ғылымы саласында қандай жұмыстар атқа­рыл­ды, нендей мәселелер назардан тыс қалды жә­не болашақта қазақ тілінің мәртебесін арттыру­да қандай шаруалар атқарылуы тиіс деген үш сауал­ға сарапшылардың пікірін сұраған болатын. Ерден ҚАЖЫБЕК, ҰҒА корреспондент-мүшесі: Тыңнан жазатын уақыт келді – Қазір көп нәрсеге жаңадан қарауға мәж­­бүр болып отырмыз... Тілімізге, дінімізге, та­­рихымызға. Кезінде мүлде халық, ұлт, мем­лекет ретінде жойылып кете жаз­да­ға­ны­мыз­ды енді ғана біліп, сезіне бас­тағандаймыз. Архивтері әлі күнге дейін жа­бық болса да, қолға түскен аз деректің өзі қор­қынышты. Төбе шашың тік тұратын дерек­тер ұшан-теңіз. Басты демографымыз Мақаш Тәтімов ағамызға сұрақ қойғанбыз: «Қа­зақтың жартысына жуығы аштықта қы­рылса және ұлтымыздың жартысына жа­қы­ны шетелде, шекарамыздың сыртында тұрып жа­тыр десек, онда елде қанша қазақ қалды? 1937 жылы қанша болдық және қанша болуы­мыз керек еді?» Сонда Мәкең біраз үндемей отырып: «Сұ­ра­ғыңды төтесінен қойыпсың. Сө­зің орынды. Шындық керек болса, ай­тайын. Кеңес өкіметі қазақ жерін жергілікті халықтан толықтай босату үшін әрекеттің бәрін жасады. Мемлекеттік деңгейде, ресми саясат бойынша. Геноцидтің көкесі бізде іске асты. Үш дүркін қолдан жасалған ашаршы­лық­тың көздеген мақсаты сол еді. Тек же­рі­міздің шалғайлығының арқасында, тау мен құмда, өзен-көл жағасында, жылы жерлерде азғантай жұрт аман қалдық. Кемінде он мил­лионнан асатын ел, бір-екінің әрі-бері жа­ғын­да болдық қой...» Діннен қол үзе жаздадық. Салафит-уа­хаб­битке, басқа діндер мен дін­сымақ ағымдарға ұрыну кең етек алуда. Сауатты молда аз. Молда деген сөздің өзі бұрынырақта жай оқығанды ғана емес, көзі ашық, білімі терең, бүгінгіше айтсақ, академик, профессор сияқты құрметті атау еді. Медреселер білім мен ғылымның ошағы еді. Біз Қожа Ахмет Ясауидің шын мәнінде кім екенін, қандай бол­ғанын ұмытқан елміз. Ал Түркия, Иран, Мы­сыр, түркі тектес Кавказ елдері, Еділ бойы, мына тұрған көршіміз өзбектер, Сол­түстік Үндістанның мұсылмандары Әзірет Сұл­танды күні бүгінге дейін пір тұтады, мың­даған мүрит шәкірттерін ұлықтайды, дә­ріп­тейді, насихаттайды... Бір мысалмен, Түр­кия­ның атақты профессоры, Ахаңдардың (Ахмет Байтұрсынұлы) әріптесі Фуад Көп­рүлу­заде сөзімен дін мәселесін қысқа қайы­рып көрейн: Қожа Ахмет Ясауи болмаса, Түр­кия мемлекет ретінде және бүгінгі осман түрік­тері ұлт ретінде тұрақтамас еді. Осылай топшылаудың себебін біздің діндарларымыз түсіндіріп бере ала ма? Ең қатты зардап шеккен сала немесе басқаша айтсақ, зұлматты тарихы­мыз­дың ең айқын көрініс тапқан жері туған ті­ліміз екені тіл мамандарына жақсы таныс. Ке­зінде Ахаң да, көптеген шетел тілші ға­лым­дары да әлемдегі жүзден астам түркі тіл­дері ішіндегі ең саф, таза, әуезді, ең көр­кем, ең бай қазақ тілі екенін талай рет мақ­танышпен жазған еді. Александр Затаевич айт­қандай, қазақ тілі әндей, музыкадай есті­летін құбылыс еді. Профессор Серік Негимов дерегі бойынша, әуезділік қасиеті бойынша қазақ тілі дүниежүзілік рейтингте алтыншы орынға ие болған екен. Оның негізгі себебі, тіліміздің басты фонетика-фонологиялық, сөз­жасамдық, фоносемантикалық үйлесім­ділік қасиетінде, сингармонизмде, өзара сәйкестікте. Кез келген дыбыс, мейлі ол дауыс­ты не дауыссыз болсын, жуан-жіңіш­келігіне немесе еріндік-езулігіне байланысты болсын, бір-бірімен әдемі үйлесімділігін, сәй­кестігін, ұйқасын бұзбайтын болған. Ахмет Байтұрсынұлы кезінде «комиссар» де­ген сөзді қазақ дәл осылайша айнытпай ай­та алмайды, айтпайды да және айтуға ты­рысудың еш қисыны жоқ деп, кесіп айтқан. Айт­са, өз тіліне икемдеп, өзгертіп айтады. Ті­лі­мізге енген бөкебай (пуховой), бата (фа­тиха), кереует (кровать) сияқты кірме сөз­дері «қазақтың шапанын киіп», төл сөзі­міз­дей тілімізге еркін сіңіп кетті ғой. Кейін сыр­ты да, іші де жат сөздерді еш өзгертпестен қа­былдай бастадық. Институт, министр, пре­зидент, прокурор, университет, директор, ва­гон, вокзал деген он мыңдаған сөздер тілі­міздің шырқын әбден бұзғанын бүгінгі тіл тұтынушымыз сезбейді де. Керек болса, бізді тіліміздің ең негізгі құралы әрі іргетасы – әліпбиімізден то­лығымен айырған. Ахаңның 24 әріптік тө­­­тесі түркі сөзінің бүкіл бай дыбыстық жүйе­­сін керемет дәлдікпен, ықшамдықпен әде­мі бойына сыйғызған. Түркиядағы бауы­ры­мыз, профессор Әбдіуақап Қараның айтуы бойынша, Мұстафа Кемал Ататүріктің «Ахмет Байтұрсынұлы нұсқасымен таныс бол­ған жағдайда, түрік тілін латын алфа­витіне ешқашан ауысуына жол бермес едім» деген мағынада естелігі сақталған дейді. Бізді кө­шірді. Басында кириллицаға, сосын ла­тынға, сосын қайта кириллицаға. Ешкім ақыл­дасқан да жоқ. Бұйрықпен, зорлықпен жасал­ған нәрсе. Соңғы рет латыннан кирилге ауыстырғанда, тіпті, әліпби жасау жұмы­сы­мен ешкім басын да ауыртпады. Амал нешік, орыс әліпбиіне қосымша таңбаларды «тық­қылап», қазақ тілімен «үш қайнаса, сорпасы қо­сылмайтын» орыс дыбыстарды таң­ба­лай­тын әріптерді, бірін де қалдырмай «пай­да­ланып» келдік. Мысалы, неміс тілінде 42 ды­быс 26 таңбамен берілсе, біздер, керісінше, 26 дыбысымызды 42 әріппен таңбалап кел­дік. Ғылымда мұндайды нонсенс деп атайды, яғни ақылға сыймайтын нәрсе. Қазақ тілінің, қыпшақ тобы тілдерінің басты фонологиялық ерекшелік­терінің бірі, біздер йақшы орнына жақсы, йер орнына жер, йігіт орнына жігіт дейміз. Ермакты қазақ Жармақ деп атаған, Егорқызы Марияны – Жағорқызы дейміз. Ал, қазір паспорттарымызда Ермек деген есімді Yermek [Йермек], қарапайым ел, ер деген сөз­дерді [ел], [ер] емес – [йел], [йер] деп айтатын бол­дық. Себебі, орыс тілінде е әрпі бір [е] ды­бысын емес, екі дыбысты білдіретін диф­тонг – я [йа], ё [йо], ю [йу] сияқты орыс е-сі [йе] деген дыбыс тіркесін білдіреді. Мұнда тұрған не бар деу мүмкін кейбіреулер... Иә, сырт қарағанда, ұсақ-түйек нәрсе болып кө­рінеді... Шынтуайтына келсек, ғасырлар бойы қалыптасқан басты дыбыстық ерек­шелі­гіміз­ден айырылудамыз... Бір-ақ мысалмен бітірейін осы та­қы­рып­ты. Кирилге ауысқан соң қазақ хал­қы аттай он жеті (!!!) жыл ешбір емле-ере­же­сіз орыс әліпбиі негізінде жазып-сызуға мәж­бүр болды... Грамматикамыздың да орыс тілінің үлгісімен пішілгені таңсық емес... Тіл ғылымы, жалпы әдебиет, тарих, фәлсапа, шығыстану, өнертану сияқты гуманитарлық бағыт еліміз егемендік алған соң керемет дамып, алғы қатарға шыға бастады деп айтудан да аулақпыз. Керісінше, осы саланың дағдарыста болғаны үлкен мінберлерден ашық айтылуда. Тек соңғы бірер жылдың ішінде, мем­ле­кетіміз рухани жаңғыруға бет бұра бас­тағанның және отандық ғылымды «қал­дық принципі» бойынша қаржыландырудан бас тартып, еселеп көңіл бөле бастағанының ар­қа­сында жүйелі жоспарлар мен бағдарла­ма­лы мақсаттар енді ғана қолға алына бас­та­ғанға ұқсайды... Жоғарыда айтқандарымның бәрін ауыз­ды қу шөппен сүрту деп қа­был­дамауыңызды өтінемін. Қиындықтарға қара­мастан «Акаде­мия­лық грамматика», он том­дық түсіндірме сөз­дік, әдебиетшілер жүз том­дық фольклор жи­нағы сықылды ірі жоба­ларды еңсерді. Дегенмен кең ауқымда, жан-жақты және тұрақты ғылыми-зерттеу жұ­мыстарды жүргізу мүмкіндігі, қайталап ай­тайын, енді ғана туып отыр. Тіл дегенде бірінші Ахаңды және Ахмет Байтұрсынұлы мектебін ауыз­ға алғанымыз жөн. Бүгінгі тілші ғалым­дары­мыз, қазақ тілінің оқытушылары мен әдіс­керлері Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Халел Досмұхаметұлы, Қажым Басымұлы, Абдолла Байтасұлы, Мұхтар Мырзаұлы, Молдағали Жолдыбай, Шам­ғали Сарыбай, Ғали Бегалиұлы, Нәзипа Құл­жан еңбектерін жақсы біле ме, күнделікті жұ­мысында оларды пайдалана ма, дәріс­тері­не қосып, көтерген мәселелерін, ашқан жаңа­лықтарын әрі қарай жалғастырып жатыр ма? Ахмет Байтұрсынұлының өзіне келсек, КСРО-ның белді академик түркітанушылары Алек­сандр Николаевич Самойлович, Андрей Николаевич Кононов, Николай Алек­сандро­вич Баскаков сияқты ғұлама ғалымдар Ахаң­ды ұстаз санағанын білеміз бе? Тағы бір керемет деректі айтайын. 1917 жылы Әлихан Бөкейханов бас­қар­ған, Ахаң үкімет мүшесі болған Алаш авто­номиясы құрылады. Көп ұзамай 1919-1920 жылдары большевиктер оны күшпен жоя­ды. Айналдырған екі жылдан кейін ас­панға туын желбіреткен жаңа «Түркия» мем­лекетінің жалауы және сол біздің Алаш рес­публикамыздың ресми байрағының ара­сын­да ешбір айырмашылық жоқ екенін білесіз бе? Түркия мемлекетінің мемлекеттік идео­ло­гиясының негізін қалаған татар Юсуф Ак­чура, түрік Зия Көкалып, башқұрт Зәки То­ған – бірі Ахаңның жақсы әріптесі, бірі да­рынды шәкірті екенін білесіз бе? Сөзімді тәмамдайын. Аз жұмыс істелген жоқ. Бірақ зерттеуді талап ететін та­қырып, қордаланып қалған проблемалар, ке­зек күттірмейтін мәселелер шаш-етектен еке­нін ұмытпайық. Мемлекет басшысы ұлт­тық мүддеге сай тарихымыздың жазыл­ма­ға­нын ашық айтқанын, «жаңа ғылыми ұста­ным­дар мен жаңалықтардың негізінде тың­нан жазатын уақыт әлдеқашан келді» дегенін бас­шылыққа алатын кез енді келді деп есеп­теймін.