«Оскар» алған алғашқы афроамерикалық актриса қайтыс болды

Киноның дамуына сіңірген елеулі қызметі үшін «Оскар» алған тарихтағы алғашқы афроамерикалық актриса Сисели Тайсон 97 жасында қайтыс болды. Бұл туралы актриса өкілі Ларри Томпсонға сілтеме жасап Variety хабарлады.

«Сисели Тайсон ханымның отбасы оның өмірден өткені жайлы хабарлады», – деді менеджер. Өлімнің себептері көрсетілмеген.

Сисели Тайсон 1924 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Өзінің мансап жолында ол 150-ден астам фильмдер мен телешоулардың түсіріліміне қатысты. Олардың ішінде 1976 жылы түсірілген кеңестік-америкалық «Көк құс» музыкалық кинофильмі де бар.

1973 жылы Тайсон «Саундер» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарына ұсынылды. 1974 және 1994 жылдары актриса екі мәрте Emmy сыйлығын алды.

Back to top button