Жаңалықтар

Атырау облысында көпбалалы ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

ашық дереккөзі

Атырау облысында көпбалалы ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Атырау облысында көпбалалы ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кетті.  "Ақ жайық" порталының хабарлауынша, оқиға 24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. 35 жастағы әйел сәбиін дүниеге әкелген бойда қоқыс жәшігіне апарып тастаған. Көп ұзамай әйелден қан кеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері оның жақында босанғанын анықтады. Алайда үйде сәбидің жоқтығынан күдіктенген дәрігерлер полиция  шақыруды жөн көріпті. Тәртіп сақшылары жаңа туған сәбиді үйден жүз метр қашықтағы қоқыс жәшігінен тапты. Сәбидің денсаулығында ақау жоқтығы, биологиялық тұрғыдан толық жетіліп дүниеге келгені белгілі болды. Әйел тұрмыста, төрт баласы бар. Алайда ол бұл жүктілігін дәрігерлерге хабарламаған, өз бетінше үйде, дәретханада босанған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.