Алматыда блокбекеттер қойыла ма – бас санитардың жауабы

Алматыда блокбекеттер қойыла ма – бас санитардың жауабы

Алматыда блокбекеттер қойыла ма – бас санитардың жауабы
ашық дереккөзі
Алматыда блокбекеттер қойыла ма? Бұл сұраққа қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді. «Қазір осы мәселеге байланысты критерийлер айқындалды. Қазір Алматыдағы аурушаңдық көлемі блокпост қоюды немесе әуе қатынасын тоқтатуды талап етпейді. Қазір қабылданып отырған шектеу шаралары вирустың таралуының алдын алуға жеткілікті», - деді бас санитар. Еске сала кетейік, "қызыл" аймаққа енген Алматыда карантин күшейтіліп, бірқатар нысандардың жұмысы шектелді. Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес, қалада жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды. Сондай-ақ, сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін ғана ашық болады. Бұдан бұрын Жандарбек Бекшин Алматының "қызыл" аймаққа ену себебін түсіндірген еді. Оның сөзінше, КВИ жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 35% деңгейінде, 40-59 жас аралығында 27-28% деңгейінде тіркелуде, бұл сауда объектілеріне (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты.