Бразилияда коронавирустың екі штамын бір уақытта қатар жұқтырған науқастар анықталды

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатының екі тұрғыны бір уақытта коронавирустың екі штамын қатар жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ТАСС хабарлады. 

30 жас шамасындағы екі тұрғынның індетке шалдыққаны белгілі болды. Олардың аурудың жеңіл түрімен ауырған.

Алайда, Нову-Амбургу университетінің молекулалық микробиология зертханасының ғалымы Фернанду Спилканың айтуынша, тәуекел тобындағы пациенттер үшін аурудың қаншалықты қауіпті болатынын болжау әлі қиын.

Зерттеушілердің пікірінше, науқастар коронавирустың бір штаммынан айыққан соң араға аз уақыт салып екінші түрін жұқтыруы мүмкін. Бұл індетке шалдыққан адамдарды оқшаулаудың және әлеуметтік қашықтық сақтау шараларын ұстанудың маңыздылығын көрсетеді.

Жалпы, ғалымдар Риу-Гранди-ду-Сул штатында коронавирустың бес түрін анықтады. Олардың арасында S-ақуызында мутациясы бар штамм да бар,  зерттеушілердің пікірінше, вирустың бұл түрі Уханьда алғаш рет табылған вирусқа қарағанда жұқпалырақ.

 

Back to top button