Коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана өртеніп, төрт адам мерт болды

Коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана өртеніп, төрт адам мерт болды

Коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана өртеніп, төрт адам мерт болды
ашық дереккөзі
Жұма, 29 қаңтарға қараған түні Румыния астанасы Бухаресте коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған ауруханадан өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters. Агенттік дерегінше, 102 науқас эвакуацияланды. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де Матей Балс ауруханасының ғимараттарының бірінде басталған. Айта кетейік, қараша айында Румынияда коронавируспен ауыратын науқастар жатқан реанимация бөлімінде болған өрттен 10 адам қайтыс болған еді. Ал желтоқсан айының соңында Мысырда СOVID-19 індетіне шалдыққан науқастарға арналған аурухана өртеніп, кем дегенде жеті науқас көз жұмды.