Елбасы белсенді нұротандықтарға алғысын білдірді
Елбасы белсенді нұротандықтарға алғысын білдірді
Елбасы «Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан 18 мыңнан астам белсенді мен партия жақтасына алғыс білдірді.
Марапатталатындардың 70%-тен астамы – аудан мен шағын қалалардың тұрғыны болса, 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар.
Бұл туралы бүгін партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, өткен электоральды науқанда біздің партия бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді.