Заң қорлау үшін емес, қорғау үшін жазылса керек

Былтыр 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы ел ішінде үлкен дау туғызып, қоғамды екіге жарды. Бір топ бұл құжат ата-ана мен бала арасына іріткі салып, от­басы институтының құтын қашырады деп дүрліксе, заң жо­басының басы-қасында жүрген екінші топ жаңа заңдағы нор­малар отбасылық зорлықтың алдын алып, әйелдер мен ба­лалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтінін алға тар­тып отыр. Әлі Сенаттың сүзгісінен өтпесе де, есімі елге белгілі аза­маттарының үндеу жариялауына, халық арасында онлайн-петиция ұйымдастырылуына себеп болған заң жобасы төңірегіндегі шу Президенттің құлағына жетпей қоймады.

Даулы құжатқа қатысты пікір білдірген Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев: «От­ба­сы­лық-тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық­қа қарсы іс-қимыл туралы» заң жо­­басы қоғамда қызу талқыға тү­су­де. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңі­нен талқылануға тиіс. Оның нор­маларын мұқият қарап, барлық пі­кірлерді ескерген жөн. Басты мін­детіміз – әйелдер мен балалар құқы­ғын қорғау», деп жазды Twitter па­рақшасында.

Сенат бекітіп, Президент қол қоймаған кез келген заң жо­басына тиісті өзгерістер енгізуге бо­латыны белгілі. Демек, көппен бір­ге дүрліге бермей, құжатпен жіті та­нысуға, көкейге қонымсыз тұсын атап, ұлттық ұстынға қайшы жерін көр­сетуге, осы елдің азаматы ретін­де өз пікірімізді салмақтап жеткізуге уақыт бар. Әйтпесе, заң жобасына қар­сылардың арасында оның бір бе­тін парақтамастан, танымал аза­маттардың, блогерлердің пікіріне еріп, «аттанға» басқандардың қа­тары көп екені аңғарылады.

«Отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл ту­ралы» заң жобасына қарсы шық­қан қоғам белсенділерінің пайы­мын­ша, аталған құжат бойынша ата-анасының баласына дауыс кө­теруі отбасылық зорлық ретінде есеп­теліп, бала мемлекет қарауына әке­тілуі мүмкін, ал әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылуы ғажап емес.

«Мынандай заңмен ұрпағымыз қалай өседі? Кім болады?» деп дүр­лік­кен топ халықты бұл құжаттың қа­былдануы қарсы петицияға қол қою­ға шақырды. Олардың қатарын­да белгілі актер, «Өнер қырандары» теат­рының директоры Мадияр Серік­баев, әнші Серік Ибрагимов, акт­риса Жұлдыз Әбдікәрімова сын­ды бірқатар елге танымал азаматтар бар.

Аталған заң жобасында от­ба­сылық зорлық-зом­бы­лық­тың экономикалық, психологиялық және физикалық түрі бар екені атап көрсетілген. Яғни, балаңызға ұрыс­саңыз – психологиялық, қол көтер­сеңіз – физикалық, әлеуметтік жағ­дай жасай алмасаңыз – эконо­микалық зорлық-зомбылық көр­сеткен болып шығасыз. Маман­дар­дың пікірінше, заң жобасы осы күйін­де қабылданса, материалдық жағ­дайы нашар көп отбасы тығы­рық­қа тірелмек. Мәселен, 5-6 бала­мен бір бөлмені паналауға мәжбүр бо­лып отырған отбасылар бар, айлы­ғын шайлығына жеткізе алмай отыр­ған ата-ананы балаңа эконо­ми­калық зорлық көрсеттің деп жа­за­ламақ па? Қазіргі күрделі ке­зеңде әр баласына бір бөлме сайлап беруге ары кетсе он қазақтың бір-екеуі ғана қауқарлы шығар. Басқасы не істемек?

Ата-аналар неге алаңдаулы?

Жұрттың ашуын туғызған заң жобасының 5-бабы­ның 11-тар­мақ­шасында: «Адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді бол­ғызбау» деген сөз бар. Бұған не жа­татыны ашып жазылмаған. Ойы­мызға әуелгі ке­ле­тіні – қыз алып қашу, баланы сүн­дет­ке отырғызу. Тағы қандай дәс­түр­лерді меңзеп тұр? Тәптіштеп тү­сіндірілмеген­дік­тен, ел арасында ер балаларды сүн­дет­ке отырғызу рәсіміне тыйым салы­нады екен де­ген алыпқашпа әңгімелер тарай бас­тады. Көптің алаң­даушылығы ел­ге белгілі азамат­тарды Мемлекет бас­шысына, Мәжі­ліс депутаттарына үндеу жолдауға итер­меледі.

Жаңа заң жобасына тү­бе­гей­лі қарсылық та­ныт­қан­дардың бірі – айтыскер ақын Бал­ғын­бек Имаш.

«Мен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қи­мыл туралы» заң жобасын оқып шық­тым. Заңгер болмасам да, тіл ма­маны ретінде, айтыскер ақын ре­тінде ондағы әр термин мен әр сөз­дің мағынасын, оның астарын, оның қыры мен сырын, жасырынған мәнін толық түсіне отырып, бұл заң жобасы бала құқығын желеу етіп, ата-ананың абыройы мен беделін тү­сіретін, отбасы деген қасиетті ұғым­ның тамырына балта шабатын қитұрқы жоба деп мәлімдеймін. Тен­тегіне тектей алатын, қисығын тез­ге салып түзейтін ата-баба дәстү­рін, дініміздің қастерлі ұстаным­да­рын жоққа шығарып, батыстық үл­гіні қабыл ету арқылы біз қай ұш­паққа шықпақшымыз?» – деп жаз­ды ақын желідегі парақшасында.

Белгілі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көп­балалы ана Қарақат Әбілдина да атал­ған құжат ұлттың болашағына бал­та шабуы мүмкін деп алаңдаулы.

«Көршің «мынаның баласы күн­дегіден көбірек жылады» деп ша­ғым­данса, жетіп келіп баланың де­несін бастан-аяқ қарайды екен де, ине­нің ұшындай көгерген, қызарған бел­гі тапса бітті баланы арқалап ке­те барады екен. Бала жүгірмей ме, се­кірмей ме, құламай ма?! «Әй ойбай ойнама, жүрме, отыр, көгертерсің» деп қадам бастырмай байлап оты­райық?!

Басқаны қойшы, бала өзі де қоңырау шалып арыз бере ала­ды екен. Алла-ау, телефонды ту­ған­нан біліп шығатын бұларың, қит етсе звондап тұрсын онда?! Мына за­ман қалай-қалай түрленеді?! Қай­да бара жатырмыз? Кімге сенеміз? Мү­дделері не? Ұрпағымыз арқылы болашаққа балта шауып, ұлтты мәң­гүрттендіріп, елді ессіздендіру ме?! Қарсымын!», – деп жазды әнші желі­де­гі парақшасында.

Баланың өзі құзыретті ор­ган­дарға қоңырау шалып, ата-анасының үстінен арыздана ала­ты­ны заң жобасының «Ішкі істер ор­ган­дарының құзыреті» деп аталатын 10-бабында айқын көрсетілген. Атал­ған баптың 4-тармағында «ба­лаларды тәрбиелеу жөніндегі мін­деттерін орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді жасайтын ата-аналарды немесе олар­ды алмастыратын адамдарды анық­тайды» десе, 7-тармақшада «зар­дап шегушінің өтініші бойынша оны медициналық куәландыруға, сот-медициналық сараптамаға жі­бере­ді; 8-тармақшада «зардап шегу­шінің өтініші бойынша оны көмек көр­сету жөніндегі ұйымға немесе ден­саулық сақтау ұйымына жібере­ді» делінген. Қоғам белсенділері бұл норма ата-ананың бала алдындағы қадір-қасиетін төмендетеді деген пікірде.

Заңгерлер неге қарсы?

Заң жобасына қарсылықтарын ашық білдіріп, Парламент өкіл­дерін құжатты түзетуге шақыр­ғандардың арасында өнер адам­дары, блогерлерден бөлек, заң­гер­лердің қатары да аз емес. Сала ма­мандары бұл заң жобасының Қа­зақстанда қалыптасқан негізгі құ­қық­тық нормаларға сай келмей­ті­нін, заң шығарушылар кейбір жайтты ескермегенін алға тартуда.

«Кез келген тұрмыстық зорлық-зом­былыққа қарсы екенімізді айта оты­рып, «тұрмыстық зорлықпен кү­рес» деген ұранның кесірінен қарапайым отбасылардың зардап шегуі мүмкін екенін айтқымыз келеді. Біздің көпұлтты қоғамда от­басы құндылықтары, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы ерекше бағаланады. Әр қабылданатын заң осыған сәйкес құрылуы керек. Бірін­­шіден, депутаттар ұсынған жаңа заң біздің өмірге, қоғамға сай келмейді. Кез келген заң құқықтық фундаментке, базаға сүйеніп құры­лады. Одан әрі ол қоғамның қызы­ғушылығына, тіршілігіне қарай елдің жағдайын, құқығын жақсар­туы керек», – дейді Солтүстік Қазақ­стан адвокаттар алқасының адво­каты Елена Игнатенко.

Маманның айтуынша, жаңа заң жобасында психоло­гия­лық зорлық туралы айтылғаны­мен, оның ешқандай құқықтық нор­масы жоқ.

«Психологиялық зорлық дегенді «адамның психикасына әдейі әсер ету» деп түсіндірген. Олай болса, жар­нама, кино секілді дүниелер де адам психикасына әдейі әсер етуге жат­пай ма? Сонда ата-ананың бала­мен жеке сөйлесуінің бәрі психоло­гия­лық зорлық болып санала ма? Заң­ның тұжырымы дұрыс емес», – дей­ді қорғаушы.

Елена Игнатенко «Отбасылық-тұр­мыстық зорлық-зом­бы­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасындағы «экономикалық зор­лық» деп аталатын тараудың да дү­­дамал тұсы көп деп есептейді.

«Заң шығарушылар экономи­ка­лық зорлыққа баланы баспанадан, киімнен, тамақтан шектеуді жат­қы­зыпты. Бірақ мемлекеттің Конс­ти­туциясында баланың жеке құқығы, оған қанша киім алып, қанша тамақ жеуге болатыны туралы құқықтық норма жоқ. Бәріміз ұл-қызымыздың тамағы тоқ, киімі бүтін болып өс­кенін қалаймыз. Дегенмен елімізде ба­ласын әрең асырап отырған, оны жайлы үймен қамтамасыз етуге жағдайы жетпей жүрген отбасылар бар. Егер біз талқылап отырған заң қа­былданып кетсе, көпбалалы, мұқ­таж отбасылардың баласын ата-ана­дан айырады. Әке-шешесі бола тұра, балалар үйінде тәрбиеленетін­дер көбейіп кетеді. Бір сөзбен айт­қан­да, мемлекет отбасының бюдже­ті­не араласып, әр айдағы қара­жат­тың балаға қалай жаратылатынын аңдуға дейін баруы мүмкін. Алайда мемлекет тарапынан әр отбасыда мынадай қаражат болуы керек деп жасалып жатқан жағдай жоқ», – дейді заң маманы.

Заңгер Бейбіт Омаров та құ­жат­тағы ұғымдардың анық­та­ма­сын ұға алмай жүргенін айта­ды.

«Жаңа заң жобасында оның ав­тор­лары: «Психологиялық зорлық-зом­былық – бұл қасақана психи­ка­лық азап шектіру, қорлау, шантаж жасау, адамның ерік білдіруін шек­теу және адамның ар-намысы мен қа­дір-қасиетін қорлайтын басқа әре­кеттер мен оларды қолданамын деп қорқыту» десе, «Экономикалық зор­лық-зомбылық дегеніміз – та­мақ­тануға, тұрғын үйге немесе адам­ның дамуы үшін қажетті басқа жағ­дайларға, меншікке, жұмыс іс­теуге, білім алуға, бірлесіп меншікті пай­далануға, сондай-ақ тиісті үлес­ке билік ету құқығын жүзеге асыру­дағы шектеулерге алып келген қа­сақана әрекет» деп береді. Бұлыңғыр анықтамадан не түсіндіңіз? Айта­лық, ата-ана баласына: «Егер сен үй тап­сырмасын орындамасаң, серуен­ге шықпайсың!» десе, бұл «шантаж, психикаға қасақана әсер ету, ерік білдіруді шектеу және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қор­лайтын басқа әрекеттер» болып шыға келмей ме? Балаңыз жаңа ком­пьютерлік ойын сатып алғысы ке­леді, сіз оған рұқсат етпедіңіз де­лік. Демек, сіз оған психикалық азап шеккізуші ретінде жазаланасыз, – дейді заңгер Бейбіт Омаров.

Дініміз не дейді?

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төра­ғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғам наразылығын ту­дыр­ған заң жобасына қатысты мә­лімдеме жасады.

«Біздің дініміз бен дәстүрімізде, күн­делікті өмір сүру дағдымыз бен ұлттық болмысымызда ата-ананың ұрпақ алдындағы аманаты, баланың перзенттік парызы, олардың бір-біріне қатысты тәрбие үлгілері бағ­зы заманнан қалыптасқан. Осынау құндылықтар ғасырдан-ғасырға жал­ғасып келеді», – дейді ол.

Бас мүфти өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмай­ты­­ны­мызды, ұстанатын дініміз бен арқа сүйер салтымыз бар екенін атап өтті.

«Күнделікті өмірде дағдымызға ай­налған ғұрпымыз бар. Әрине, біз от­басындағы зорлық-зомбылыққа тү­бегейлі қарсымыз. Өз ұрпағына, ама­нат етіп алған жарына қол көте­ріп, зиян шектіргендер қылмыстық әрекеті үшін заң алдында жауапқа тар­тылуы тиіс. Алайда бала құқы­ғын алға тартып, оның әдепсіз әре­кет жасауына жол беру дұрыс емес. Бұл – бала болашағына балта шаба­тын қадам», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төра­ға­сы халқымыздың жас буынды «ұят болады, обал болады, сауап бо­лады» деген тәрбиелік мағынасы те­рең түсініктермен жөнге сал­ға­нын еске салып:

«Осы үш ұғымды өмір сүру дағ­дысына айналдырған бозбала мен бойжеткен ата-анасын, одан қалса елі мен жерін ұятқа қалдырмайды. Әр адам өз отбасына жауапты. Осы жауапкершілікті саналы түрде сезінген ата-ана бала тәрбиесіне тия­нақты түрде мән береді. Ол үшін ең әуелі өзінің әдебі мен мәдениетіне мән беруі қажет. Ғұламалардың: «Бала тәрбиелеуден бұрын өзіңді тәр­биеле» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Баламызды бес жасқа дейін патшадай күтіп, мәпелеп өсірсек, он бес жасқа дейін өмір тіршілігіне икемдеп, еңбекке баулып, үлкенге қызмет етіп, батасын алуға тәр­бие­лесек, он бес жастан кейін онымен жеке тұлға, өзіндік ойы бар азамат ретінде пікірлесіп, ақылдасып, жиі сырласып-сұхбаттассақ, үміт еткен ұрпағымыздың жақсылығын көре­тініміз анық», – деп түйіндеді сөзін.

 

Заң жобасын қолдаушылардың уәжі қандай?

Өткен жылдың көктемінен бері күн тәртібіне шыққан заң­ның жобасын жасаушылардың сө­зінше, құжаттың басты мақсаты – зор­лық-зомбылықты жою және ал­дын алу. Соңғы кезде елімізде түрлі тұрмыстық деңгейдегі дау-жан­жалдың көбеюі жаңа заңның қа­жеттігін көрсетті дейді олар. Күйеуі өлімші етіп сабаған әйел­дер­дің, ата-ананың жауапсыздығынан, мейірімсіздігінен теперіш көрген балалардың қатары артқанын жоқ­қа шығара алмаймыз. Әсіресе, ка­ран­тин кезінде отбасындағы құ­қық­бұзушылық 25 пайызға өскен. Әйелдер мен балалардың құқығын қор­ғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған заң­ның жобасын жазуға 50-ден астам адам қатысып, 220-дан астам елді­мекен қамтылыпты. Заң жобасын талқылауда үкіметтік емес ұйымдар өкіл­дерінің де ұсыныстарына ба­сым­дық берілген.

«Отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл ту­ралы» заң жобасы жұмыс тобы­ның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина халық заң жобасын дұрыс түсінбей жатыр, құжат нор­ма­ларын бұрмалап әдіптеушілер көп деген пікірде.

«Өкінішке қарай, талқыланып жатқан заң жобасының жекелеген нор­маларын қате түсіндіретіндер бар. Мысалы, «жыныстық еркіндік», «экономикалық зорлық-зомбылық», «психологиялық зорлық-зомбы­лық» ұғымдарына қатысты теріс пі­кір қалыптасқан. Бұл ұғымдар заң­нама үшін жаңалық емес. Қол­да­­­ныстағы «Тұрмыстық зорлық-зом­былық профилактикасы тура­лы» 2009 жылы қабылданған заң­да­ғы 4-бапта «жыныстық еркіндік» де­ген сөзбен бірге, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың барлық түрі көр­сетілген. Енді, осы ұғымдардың болуы «олардың жыныстық еркін­дігіне қысым жасау» себебінен қан­ша қазақстандық отбасынан ба­ла­ларды тартып алуға мүмкіндік бер­ді? Сондай-ақ «жыныстық ер­кін­дік» – отандық заң әдебиетінде жә­­не қылмыстық құқық теория­сын­да қолданылатын қалыптасқан заңды термин. Тиісінше, жыныстық еркіндікті қоғамға тән емес азғын­дық термин деп бекіту – тұрмыстық философиялық пайымдау», – деді депутат.

Халық қалаулысының сөзінше, осы терминнің заң жобасында бекітілуі дау туғызуы мүмкін екенін ескеріп, жұмыс тобы «жыныстық зорлық-зомбылық» ұғымының заңды анықтамасынан «жыныстық еркіндік» деген сөзді алып тастаған.

«Кейбіреулер балаларды басқа от­басына асырауға береді деген пі­кір айтып жүр. Балаларды балалар үйіне беру оңай шаруа емес. Бұл үшін салмақты себеп болуы керек. Ол үшін баланың шынымен жақын туыстары жоқ екенін немесе ата-анасы ата-ана құқығынан айы­рыл­ғанын растау қажет. Қамқоршылық жә­не қорғау органдарының міндет­ті қатысуымен тиісті сот рәсімдері­нен өтуге, барлық қажетті құжатты жи­науға тиіс. Сондықтан үрей ту­ғы­зу­дың қажеті жоқ. Біздің мақ­са­тымыз – отбасылық құнды­лық­тар­ды бұзу емес, проблемаларды ше­шуде кешенді тәсілді енгізуге ба­ғыт­талған тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық профилактикасының қол­да­ныс­тағы тетіктерін жетілдіру ар­қылы көмекке мұқтаж адамдарды қор­ғау. Өкініштісі, кейбіреулер заң жо­баларында жоқ мәселелерді ай­тып, халықты шатастырып жүр», – деді Айгүл Нұркина.

Депутаттың бұл сөзін заң жо­басын жасаған жұмыс то­бының мүшесі Халида Әжіғұлова да қостады. Ол баласына қастық жа­сап, қылмысқа барғандар ғана ата-ана құқығынан айырылатынын баса айтты.

«Отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылық болып жатуы мүм­кін деген қоңырау келіп түссе, по­ли­ция баланы бірден тартып алу үшін емес, тексеру үшін барады. Мы­салы, полиция қызметкері бала­ның жағдайы расында мүшкіл еке­ніне көз жеткізсе, оның басын қа­терге төндіріп, қалдырып кетпейді ғой. Ондайда уақытша қауіпсіз жер­ге орналастыруы мүмкін. Мы­са­лы, қамқоршы органдар күндіз әрі жұмыс күндері жұмыс істейді. Яғни, мерекеде не түнде келеңсіз жағдай болса, олар көмектесе алмайды. Сол үшін полицияның бақылағаны жөн», – дейді Әжіғұлова.

Үш бала өсіріп отырған ана, жур­­налист Жанар Жансейіт те көпшіліктің қарсылығын туғыз­ған заң жобасын қолдайтынын жет­­­кізді.

«Біздің «қоғам қайраткерлері» заң жобасын оқымай, байыбына бар­май байбалам салады. Айтып отыр­ған сөздеріне қарағанда, Құдай біледі, заңның бетін де көрмеген. «Енесі тепкен құлынның еті ауыр­майды» дегенді сылтауратқан. Бірақ өзіміз куә болып жүрген, жаңалық­тардан оқып жүрген жантүршігерлік оқиғалар жетерлік. Әке-шешесінің әлімжеттігін көріп өскен бала ша­расыз күйге түсетін жағдайлар бар, олар үйлерінен безіп кеткісі келеді, бірақ қайда барып көмек сұрап, қайдан пана табатынын білмейді.

Қит еткенге баламызды тар­тып ала­ды деп ойламай­мын, ол үлкен тексеріс, зерттеуден кейін жүзеге асатын дүние. Оның сыр­тын­да әке-шешесі психологиялық ем­нен өту керек. Өзі бала кезден травма алған адам баласына қайта сол қорлықты көрсететіні белгілі. Сон­дықтан бұл да дұрыс шешім. Бала – Алланың аманаты. Балалары­мызды саналы түрде, жан-жақты дайын болғанда дүниеге әкелейік. Сайып келгенде, баланың бұзықты­ғы да ата-анасының махаббаты, на­зары, мейірімі жетпей жатқан кез­де шығады»,  – дейді журналист.

P.S.

Күні кеше ғана Мәжіліс депутаты атанған белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров өткен аптада даулы заң жобасына қатысты пікір білдіріп, осы заңды қабылдаумен айналысатын жұмыс тобына ену жөнінде өтініш жасағанын мәлімдеді. Қоғамда талқыланып жатқан тармақшалардың көпшілігі құжаттан алынып тасталғанын жеткізген халық қалаулысы: «Заң жобасының ұлтымыздың рухани кодына сәйкес болуы үшін еңбек ететін боламыз», – деп сендірді. Солай болғай. Күтейік.

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
kk

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», −...
Nurdeulet

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары....
Esel

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан...

Жаңалықтар

«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, - деп хабарлайды Liter.kz...

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды реформасы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға...

P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz. ТОП-10 үздігі болып WBA...

Мәжіліс төрағасы қазақстандық вакцина шығаратын зауытты сынға алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары...

Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын...

Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми...

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін...

Бүгін – ұлттық театрдың негізін қалаушы Серке Қожамқұловтың туған күні

125 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек...

Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен...

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде...

5 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1918 жылы 5 мамырда Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде...

Түнде үй-іші ұйықтап жатқанда 3 жасар бала оянып, далаға шығып кеткен

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған. Облыстық ПД...

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат....

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман күтіледі

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел,...

Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп...