2022 жылы БАҚ туралы жаңа заң қабылданады деп жоспарлануда – Ақпарат министрі

2022 жылы БАҚ туралы жаңа заң қабылданады деп жоспарлануда – Ақпарат министрі

2022 жылы  БАҚ туралы жаңа заң қабылданады деп жоспарлануда – Ақпарат министрі
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аида Балаева келешекте БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылданатынын айтты. Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылдануы жоспарланып отырғанын жеткізді. «Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады», – деді ведомство басшысы.