Жаңалықтар

Жүкті әйелді босандыруға көмектескен полиция капитаны марапатталды

ашық дереккөзі

Жүкті әйелді босандыруға көмектескен полиция капитаны марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелді босандыруға көмектескен полиция капитаны ҚР ІІМ «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкері Ольга Кангозина 8 қаңтар күні ауыл фельдшеріне толғағы қысқан әйелді босандырып алуға көмектескен. «Полиция капитаны Кангозина оқыс жағдайда абдырап қалған жоқ. Бұл қазіргі қазақстандық полицейдің бейнесі. Тәртіп сақшысы психологиялық тұрғыда тұрақты, жедел шешім шығара білетін, ширақ, жан-жақты дамыған, адамдарға қол ұшын созуға дайын болуы қажет. Ольганың екі жоғары білімі бар, заңгер және психолог. Өзін-өзі дамытуға ұмтылу – нағыз кәсіби маманның тағы бір маңызды ерекшелігі. Лайықты марапат оның кәсіби тұрғыда дамуына ынталандыру болады деп сенеміз», – деді Марат Төлебаев.