Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ

Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ

Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысына 1,2 млрд доллар инвестиция салынбақ
ашық дереккөзі
Атырау облысындағы Ескене кентінің маңында бой көтеретін газ өңдеу зауытының құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салынады. Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин онлайн-режимде өткен халыққа есеп беру кезінде осылай деді. «Ескене кентіне таяу жерде жылына 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 1 млрд 250 млн доллар. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал, зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады», – деді Шәкір Кейкин.