6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 23-28 м/с артуы мүмкін. 1-2 ақпанда көктайғақ болжанады. 29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с артады. 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 29 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 17-22 м/с артуы ықтимал. 29 қаңтарда Атырау облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.