ҰБТ қандас талапкерлер үшін де онлайн форматта өтпек

ҰБТ қандас талапкерлер үшін де онлайн форматта өтпек

ҰБТ қандас талапкерлер үшін де онлайн форматта өтпек
ашық дереккөзі
«Отандастар қоры» КеАҚ Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, қандас талапкерлер үшін байқау сынағын (ҰБТ-ыны) онлайн форматта ұйымдастыратынын хабарлайды.
2020 жылы ҰБТ онлайн форматта өткен еді. 2021 жылғы басты мақсат – талапкерлерді Ұлттық біріңғай тестілеуге алдын ала дайындау. Осыған орай қандас талапкерлер Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне (Елшіліктер мен консулдықтарға) хабарласып немесе өзіңіз таңдап жүрген Қазақстандағы жоғары оқу орнымен байланысып, тіркелуі керек.
Тізім 2021 жылғы 10 ақпанға дейін жасалады, сондықтан хаттар ubt.online@mail.ru поштасына қабылданады.
Онлай байқау сынағы 2021 жылғы 24 ақпанда өтеді (нақты уақыты қарастырылып жатыр).
Тіркелу үшін талапкерден келесі ақпарат қажет:
Аты-жөні
Елі, қаласы
Байланыс нөмірі
Электронды поштасы.
Егер онлайн байқау сынағына қатысу үшін Қазақстандағы ЖОО-на немесе Елшілікке тіркілген болсаңыз, екінші мәрте енгізудің қажеті жоқ.
Қосыша сұрақтарыңыз болса:
• 1404 (бүкіл қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
• 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
• +7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
• +7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін).