Жаңалықтар

ШҚО-да экскаватордың кесірінен тоғыз ауыл газсыз қалды

ашық дереккөзі

ШҚО-да экскаватордың кесірінен тоғыз ауыл газсыз қалды

ШҚО-да тоғыз елді мекен газсыз қалды, деп хабарлайды zakon.kz. ШҚО әкімдігі хабарлағандай, 27 қаңтарда сағат 19.30-да экскаваторшы "Барыс көл" ЖШС Көпір құрылысы бойынша жер жұмыстарын орындау кезінде Зайсан ауданының тоғыз елді мекенін газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистралды газ құбырын кездейсоқ зақымдаған.