Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
«Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарын жанкүйерсіз өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды. Бүгін ұйымдастырылған баспасөз жиынында ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори төртжылдықтың басты додасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. «Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны ойластырмасақ болмайды», – деді ол. Айта кетейік, бүгінге дейін Олимпиада ойындарын өткізудің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Спортшылар басты доданың өтпей қалуы мүмкін екенін айтады. Алайда Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах ғаламды жайлаған індетке қарамастан, Токио Олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді. Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған.