1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
ашық дереккөзі
Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады. «Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», – дейді Жомарт Қажымұратов. 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.