Зеленский екінші рет президент болуды жоспарлап отыр

Зеленский екінші рет президент болуды жоспарлап отыр

Зеленский екінші рет президент болуды жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский президент сайлауына екінші рет қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Слуга народа» партиясынан Жоғарғы Рада депутаты Гео Лерос өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Енді ресми мәлімдеуге болады! Алдыңгүні Зеленский туған күнін атап өту кезінде ол өзінің жақындарына екінші рет сайлауға түсетінін айтты», – деп жазды депутат. Айта кетейік, сайлау науқаны кезінде Владимир Зеленский президент сайлауына бір рет қана түсемін деп уәде берген. Алайда 2020 жылдың мамырында ол барлық сайлау уәдесін бір мерзімде орындау мүмкін болмайтынын айтқан болатын.