Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігін Жанат Элиманов басқарады

Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігін Жанат Элиманов басқарады

Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігін Жанат Элиманов басқарады
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігіне Жанат Қалдыбекұлы Элиманов төраға болып тағайындалды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы шықты. Бұған дейін Қазақстанда қаржылық мониторинг агенттігі құрылғанын жазған болатынбыз. Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – құқықтану (1999). Еңбек жолы: Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокуроры (2000); Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі (2000-2001); Қарағанды облысы прокуратурасының шаруашылық істері бойынша Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау тобының прокуроры (2001); Қарағанды облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2001-2002); Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры (2002-2003); Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (2003-2004); Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы (2004-2005); Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының; Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2004-2007); Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (2007-2009); ҚР Әділет министрінің кеңесшісі (2009); ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінің бастығы (2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы (2012-2014); ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры (2014-2017); ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (үшінші қызмет), қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (2017); ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (2017-2019); Қарағанды облысы прокурорының орынбасары (2019); ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары (2019-2020). Соңғы қызметі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы (2020 жылдың қаңтарынан бері).